Рекорд жаңартқан Норвегия 1-орында, ал, Қазақстан…

Рекорд жаңартқан Норвегия 1-орында, ал, Қазақстан…

26-ақпан. Turaninform. Құрманғали Нұрғали. Корея Республикасының Пхёнчхан қаласында өткен Қысқы Олимпиялық ойындар – 2018дің өзіндік ерекшеліктері болды. Оқыс оқиғаларды қоспағанда да… Мәселен, Норвегия медаль саны бойынша Қысқы Олимпиялық ойындардың рекордын жаңартты. Бұған дейінгі рекорд АҚШ-қа тиесілі болатын. Сонымен қатар, Ресей арнайы құрамамен қатыса алмады. Халықаралық олимпиялық комитет Ресейді допинг мәселесіне байланысты қатыстырмай тастаған еді. Тек таза спортшылары ғана қатысып, өнер көрсетті. Біздің ел болса, соншалықты жақсы жетістікке жетпесе де, жүлдесіз қалмады. Бір қола жеңіп алып, 28-орынға жайғасты. Ал, алдыңғы ондыққа төмендегі елдер кірді:

  1. Норвегия – 14 алтын, 14 күміс, 11 қола;
  2. Германия – 14 алтын, 10 күміс, 7 қола;
  3. Канада – 11 алтын, 8 күміс, 10 қола;
  4. АҚШ – 9 алтын, 8 күміс, 6 қола;
  5. Нидерланды – 8 алтын, 6 күміс, 6 қола;
  6. Швеция – 7 алтын, 6 күміс;
  7. Корея Республикасы – 5 алтын, 8 күміс, 4 қола;
  8. Швейцария – 5 алтын, 6 күміс, 4 қола;
  9. Франция – 5 алтын, 4 күміс, 6 қола;
  10. Австрия – 5 алтын, 3 күміс, 6 қола.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0