12-наурыз. Turaninform. Ресейдің Қорғаныс министрлігіне қарасты Ил-76 ұшағы рұқсатсыз Эстонияның әуе кеңістігін бұзған көрінеді. Бұл туралы Эстонияның қорғаныс күштері Бас штабының баспасөз қызметі ақпарат таратты. Осыған орай, Ресей елшісіне Эстония Сыртқы істер министрлігі нота тапсырған.
Ресей тарапы болса, мұны теріске шығарды. Десе де, Ресей былтыр екі рет Эстонияның әуе кеңістігін бұзған екен.
ПІКІРЛЕР