7-сәуір. Turaninform. Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хені аталған елдің прокуратурасы 30 жылға соттауды сұрап еді… Бірақ, 24 жылға сотталды.
Пак Кын Хе былтыр наурызда үлкен саяси даудың негізінде биліктен кетірілген болатын: халық наразылық білдірді, соңында импичмент жарияланған еді. Ол президент кезінде мемлекеттік деңгейдегі құпия ақпараттарды бөтен адамға беру, жемқорлық, қызмет бабын асыра пайдалану бойынша айыпталған болатын. Корея Республикасы сотының үкімі бойынша, 66 жастағы Пак Кын Хе 24 жылға сотталып қана қоймай, миллиондаған АҚШ доллары болатын айыппұл да төлеуі тиіс.
ПІКІРЛЕР