19-мамыр. Turaninform. Қызылордада жас кәсіпкер Шадияр Ержан сол қаладағы «Сұлтан» мешітімен бірге, Рамазан айының құрметіне орай, тегін көлік қызметін ұйымдастырды. Қызылордалықтар енді Рамазан айының әр жұмасы сайын ақысыз такси қызметін пайдаланып отырмақ.
– Такси қаланың ішінде жүреді. Жұма намазына дейін және кейін жүріп жатырмыз. Шамамен 10-13.30 аралығы және Жұма намазынан соң, түскі 3тен кешкі 7-8ге дейін жүрудеміз. Тек жұма күні ғана. Балалар, жастар, үлкен кісілер деп қарап жатқан жоқпыз. Міне береді, – дейді Шадияр, ағынан жарылып.
Жастардың ішінде осылай имани іске ұмтылушылардың бары қуантады. Көбейе берсін! АЛЛА Тағала сауаптарын арттырып, істеріне береке берсін дейміз.
ПІКІРЛЕР