21-маусым. Turaninform. ҚР Парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Токаев BBC-дің Hardtalk бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбатта елімізде, тиісінше, 2020-жылы өтетін Президент сайлауы туралы да пікір білдірген.
“Ашығын айтайын, мен президент Назарбаев 2020-жылғы президент сайлауына қатысатынына сенбеймін. Өйткені ол өте дана, парасаты жоғары адам. 2020 жылы бізде президент сайлауы Назарбаевтан басқа кандидаттармен өтеді деп ойлаймын”, — дейді ҚР Парламенті сенатының төрағасы.
Ол бұл өзінің жеке пікірі, ал, ҚР президенті сайлауға түсу-түспеуді өзі шешетіні туралы да айта кеткен. Сонымен қатар, Н. Назарбаев президент болмағанның өзінде Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатына орасан зор ықпалын тігізе алады депті.
Фото akorda.kz-тен алынды
ПІКІРЛЕР