Ұшу бағыттары биылғы жылғы шілдеден қыркүйек айына дейін аптасына екі рет сәрсенбі және жұма күндері ыңғайлы Airbus 319 ұшағы арқылы жүзеге асырылады. Ұшу уақыты төрт сағат.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы жазғы айларда Finnair әуе компаниясы үш мыңнан аса жолаушыға қызмет көрсетті.
Аталған бағытты қайта жаңарту қазақстандық жолаушыларға Санта Клаустың отанын көруге, әрі олардың жайлы әуе кемесімен Хельсинки –Вантаа әуежайы арқылы Еуропаның 70 тен аса және Азияның 19 қаласына саяхат жасауына мүмкіндік берсе, финляндиядық саяхатшылар еліміздің көрікті жерлерін аралайтын болады.
Анықтама: Finnair– Финляндиядағы ұлттық әуе тасымалдаушы, әрі елдегі ең ірі әуе компаниясы. Оның орналасқан жері Хельсинки-Вантаа әуежайы. Oneworld альянсының құрамында. Компанияның негізгі акционері Финляндия үкіметі.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметі
ПІКІРЛЕР