15-қыркүйек. Turaninform. Кәсіпқой бокстың бес салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Ф. Мейвезер М. Пакьяомен қайта кездесетінін жариялады. Екеуінің кездесуі осы жылдың желтоқсанында өтуі мүмкін екен. Флойд бұл кездесуден $1 млрд. табыс тапқысы келеді. Егер, іске асса, бүкіл спорт бойынша жаңа рекордтық табыс болмақ. Бұған дейінгі рекорд та Флойд Мейвезерге тиесілі.
2015-жылы Ф. Мейвезер мен М. Пакьяо бокстасып, Флойд ұпай санымен жеңген еді. Флойд кәсіпқой бокста 50 кездесу өткізіп, соның бәрінде жеңген. 8 салмақ дәрежесінде чемпион болған Мэнни 69 рет рингке шығып, соның 60ында жеңіп, екеуінде тең түсіп, жетеуінде жеңіліс тапқан.
ПІКІРЛЕР