2-қараша. Turaninform. Марста өмір сүріп, жұмыс жасап, Жерге қайта оралатын күн тууы мүмкін. NASA тобы қазіргі таңда ISRU технологиясын жасау үстінде. Егер, ойдағыдай шықса, марстық қызыл топырақ – реголиттен су, сонымен қатар, оны электролиз арқылы сутегі мен оттегіге ажыратпақ. Ғалымдардың ойынша, бұл жүйе жүзеге асқан жағдайда, Марстан қатынап жұмыс істеуге мүмкіндік пайда болады. Зымыран отынын да сол арқылы Марстан алмақ ой бар.
Ғарыштық ғылым мен техниканың дами түсуі – көптеген адамдардың танымын, ой-өрісін кеңейтуі әбден мүмкін…
ПІКІРЛЕР