Шерхан Мұртаза: «…халыққа өз дәулетін өзінің қолына берейік»

Шерхан Мұртаза: «…халыққа өз дәулетін өзінің қолына берейік»

Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 1994-жылы депутат кезіндегі көтерген мәселесі әлі де өзекті. Шер­-ата не деп еді? ҚР Орталық мемлекеттік архивін пайдалана отырып, Азаттық радиосы жариялаған бейнеқорда Шерхан атамыз елдің шерін тарқатады…

Ш. Мұртаза, қоғам қайраткері: «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» дейді. Біздің жас мемлекетіміздің қақпағы ашылған көрінеді. Сондықтан ұяты кеткендер талан-­таражға салып жатқаны ашылып жатыр. Осындай күдік көбіміздің көңілімізде жүрген. Бұрыннан. Қайда кетіп жатыр, Қазақстанның байлығы деген. Ал, бірақ, нақ басып, тап басып ешқайсысымыз айта алған жоқпыз. Мұнайдан түсетін, көмірден түсетін, алтыннан, күмістен түсетін, мыстан түсетін кіріс деген жоқ мынаның ішінде. Мына біз осы шет мемлекеттерден несие дегенді алып жатырмыз, алып жатырмыз. Америкадан Жапонияға дейін. Соның барлығы бас­-аяғы қанша?! Қай жерге жұмсалды? Қай мақсатқа кетті? Осының көзін ашу керек. Мына басшылықтан, білмеймін, қолынан әзір ол әрекет келетін емес. Мына сіз бен біз – халық сенген депутаттар осының көзін ашып, нақтылап, халыққа өзінің дәулетін өзінің қолына берейік»

 Құрманғали Нұрғали

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0