Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ерлеген Мендалиев мәлімдеді.
Аудан, қалаларға бөліп қарайтын болсақ, Әдеп кеңесінің ұсынымы негізінде тәртіптік жазаға тартылған 21 қызметшінің 6-ы (немесе 28,5%) Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты мен оған қарасты дербес мекеме басшылары.
Одан кейінгі орындарда 4 қызметшімен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, 3 қызметшімен облыстық денсаулық сақтау басқармасы тұр.
Айта кету керек, соңғы екі мемлекеттік мекеме басшыларының орынбасарларына қатысты тәртіптік істер Әдеп жөніндегі кеңесте екі реттен қаралған. Бірнеше рет тәртіптік істері қаралған тұлғалардың қатарында Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Т.Жумалиевте бар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюроның Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 24.05.2018 жылғы қаулысына сәйкес, Т.Жумалиев бір азаматшаныбілім саласына жұмысқа орналастырамын деген желеумен одан 900 000 теңге көлемінде пара сұраған.
Ұлттық бюромен жүргізілген тергеу әрекеттері кезінде Бөлім басшысы Т.Жумалиевтің ақша талап ету деректері өз дәлелін тапқан жоқ.
Алайда, тексеру құжаттарына жалғанған Т.Жумалиев пен азаматшаның арасындағы әңгімелесудің стенограммасында ақша туралы әңгіме жазылып алынған. Соның ішінде, азаматшаның: Жаңағы нені 600 мыңды әкеліп тастайыншы, сауылып кетеді» деген сұрағына, Т.Жұмалиев: «келесі аптада әкелерсің» деп жауап берген.
Сонымен бірге, Т.Жумалиевтің аталған тұлғамен әңгімелесуі барысында оны мектепке жұмысқа орналастыратынынөзінің мойнына алғаны белгілі болды. Өз кезегінде азаматша әңгімелесу барысында жұмысқа орналастыру үшін оған 300 мың теңге ақша бергенін бірнеше мәрте қайталайды.
Осылайша, Т.Жұмалиевтің заңсыз іс-әрекеттері өзінің материалдық мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған деп дәрежеленіп, Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымына сәйкес оған «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» жарияланды.
Негізінен, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қызметшілері тәртіптік жазаға тартылудан көш бастап тұр.
2018 жылы 4 заңсыз қабылданған бұйрықтардың күші жойылған. Оның ішінде, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының өз қарамағындағы басқармас басшысына тәртіптік жаза қолданса, 2 бұйрық конкурс өткізу облыстық ішкі істер департаменті мен облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында орын алған. Төртіншісі Мұнайлы ауданы әкімдігі тарапынан заңсыз пәтер бөлу дерегі орын алған. Мұнайлы ауданының әкімі аппаратында жүргізілген тексеру барысында, аппарат басшысының 09.01.2017ж. бұйрығы негізінде, аппараттың теңгеріміндегі тұрғын үйді Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Ноғаеваға жекешелендіру құқығынсыз берген.
Бұл қолданыстағы ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының және Аппарат ережесінің талаптарының бұзылуына алып келеді. Себебі, Аппарат өз алдына дербес мемлекеттік орган болғаннан кейін, оған бекітілген пәтерлерге иелік ету құқығы тек Аппараттың қызметшілеріне ғана тиесілі. Ал, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі бөлек мемлекеттік мекеме болып табылады. Осыған орай, 2018 жылдың басында енгізілген департаменттің ұсынысы негізінде Аппарат басшысының пәтер бөлу туралы бұйрығы заңсыз деген негізде бұзылды.
2018 жылы Департаментпен мемлекеттік қызмет саласын бақылау бағытында 256 өтініш қаралған. 2017 жылмен салыстырғанда қаралған өтініштердің саны 2 есеге немесе 49,2% артқан. Арыздардың ең көп түсетін бағыттары: мемлекеттік қызметшілердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты – 30; еңбек заңнамасына қатысты мәселелер – 18; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібінің бұзылуы – 12. Сонымен бірге, тұрғын үй, жер қатынастары, азаматтық істер, мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты да сұрақтар жиі көтерілді.
Өтініштер бойынша және басқарманың жоспарына сәйкес барлығы 43 тексеру жұмыстары жүргізіліп, онда 85 заңбұзушылық анықталды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге немесе 63% азайған.
Мекеме басшыларына анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 34 ұсыныстар енгізіліп, 55 бұзушылық қалпына келтірілді. Өз құқығын қорғау бойынша шағымданған 43 адамның 28–нің немесе 65,1% құқығы қорғалды. Жиі орын алған бұзушылықтар: әдеп кодексі талаптарының сақталмауы – 32; конкурс өткізу тәртібін бұзу – 16; тәртіптік жаза қолдану ережесін сақтамауы – 10; басқа бұзушылықтар – 27.
Бұдан басқа, өткен жылы 2 заңсыз сыйақы беру дерегі анықталып, 174 745 теңге бюджетке қайтарылды. Қарақия ауданы әкімдігінің аппараты сынақ мерзіміндегі 2 қызметшіге 124 745 теңге берсе, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті бұған дейін тәртіптік жазаға тартылған қызметшіге 50 000 теңге сыйақы берген.
Тексерулер бойынша мекеме басшыларына 30 ұсыныс жолданып, бұзушылықтарға жол берген 21 қызметші, атап айтқанда Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысы, Қызан ауылы әкімі, екі басшы орынбасары, 7 бөлім басшылары, 8 бас мамандар 2-техникалық қызмет көрсетуші тәртіптік жазаға, 1 қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Өткен жылы, барлығы тәртіптік жаза қолдану туралы мемлекеттік органдардың басшыларына 21 ұсынымдар жолданып, толықтай орындалды. Тәртіптік жазаға тартылған тұлғалардың ішінде: 6 – мекеме басшысы; 5 – басшының орынбасарлары; 1 қала әкімінің орынбасары; 2 аудан әкімінің аппарат басшылары; 2 ауыл әкімдері; 5 бөлім басшылары бар.
Өткен жылдардың (2016-2017ж.ж.) есебін қорытындылаған кезде жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік сатып алу заңнамасының жиі бұзылатындығы айтылатын.
Осы бағытта аумақтық департаменттің және басқа да құзырлы органдардың жүргізген жұмыстарының нәтижелілігін атап өтуге болады. Себебі, 2018 жылы мемлекеттік сатып алу тәртібін бұзғаны үшін тек 1 лауазымды тұлға жазаға тартылды.
Бұл дерек, Түпқараған ауданына қарасты Баутин ауылының әкімдігінде орын алған (16.10.2018ж. аудандық прокуратураның ұсынысы).
Қысқаша тоқталатын болсам, екі мектеп оқушыларын тегін көлікпен тасымалдауға арналған мемлекеттік сатып алу кезінде заңнама талаптары өрескел бұзылған. Бұл қандай заңбұзушылық?
Конкурсқа тек 1 кәсіпкердің жіберілуіне байланысты конкурс өтпеді деп танылғаннан кейін, ауыл әкімі Д.Меңдіханов конкурсқа қатысқан кәсіпкерге оның конкурс кезінде ұсынған баға ұсынысын (7 млн. астам) ескермей, көтеріңкі бағамен (17 млн.астам) бір көзден сатып алуға шақыру жіберген.
Алайда, кәсіпкер белгіленген мерзімде келісім бермеуіне байланысты 1 көзден сатып алу да өтпей қалған. Ауыл әкімі үшін бұл да кедергі болмай, соңында аталған кәсіпкермен келісім шарт жасасқан.
Осылайша, Д.Меңдіханов кәсіпкерге құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетіп қана қоймай, бөлінген қаржыны оңтайлы және тиімді жұмсау талаптарын да бұзған.
Ауыл әкімі мұндай әрекеттерге жұмысты (оқушыларды тасымалдау) тоқтатпау үшін бардым деген сылтауын Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері негізсіз деп санап, оған мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылығы үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» қолдануды ұсынды. Ұсыным орындалды.
Өткен жылдың соңында аумақтық департамент жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілерге қатысты мониторинг жасаған болатын.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, 2018 жылы жолда жүру ережелерін бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған 156 қызметші анықталды (2017 жылы 182 қызметші, яғни 26 дерекке азайған).
Анықталған деректер бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін мекеме басшыларына ұсыныс хаттар жолданды.
Әкімшілік жазаға тартылған тұлғалардың арасында көлік құралын масаң күйде басқарғандар да кездеседі.
Мысалы, өткен жылдың 17 маусым күні, сағат түнгі 01:30 шамасында Ақтау қаласының 11 және 12 шағынаудан арасындағы тас жолдаМаңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары өзіне тиесілі автокөлікті масаң күйде басқарып келе жатқанында тоқтатылған.
Арнайы медициналық куәландыру нәтижесінде «жеңіл» дәрежедегі масаю күйінде екендігі анықталған және ол өзінің ішімдік ішкенін мойындаған.
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 24.07.2018 жылғы қаулысына әйкес, қызметші 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Бұл дерек те Әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, кеңес мүшелерінің ұсынымымен оған «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілді.
Осыған ұқсас дерек, Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Б.Тажимухановтың тарапынан да орын алғандығы анықталып, оған сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
ПІКІРЛЕР