Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әрдайым шетелдік ғалымдармен байланыс орнатуға тырысады. Соның бірі шетелдік университеттерде танымал профессорлардан PhD докторанттардың тағылымдамадан өтуі десек болады. Сондай танымал профессордың бірімен сұхбаттасып, пікірін білмекке бекіндік.
Ееро Тарасти Хелсиньки ұлттық университетінің профессоры. Ол атақты музыкант және экзистенциалды семиотика саласының танымал маманы. Халықаралық семиотикалық зерттеулер ассоциациясының және Мәдени мұра академиясының негізін салушысы, президенті. Өзіндік ойларын білдірген профессордың сұхбатына назар аударайық.
– Профессор ретінде жұмысыңызды қалай ұйымдастырып, жоспарлау барысында қандай басымдықтарды белгілейсіз?
– Бұл мен үшін маңызды мәселе, себебі менің шығармашылық қызметім көптеген салаларды қамтиды. Мен университеттің профессоры ретінде көптеген студенттер қатысатын семинарлар мен симпозиумдар өткіземін. Менің жетекшілігіммен Финляндияда және шетелде 125 докторлық диссертация қорғалды. Сонымен қатар, менің өз зерттеулерім үшін де уақыт қажет. Әдетте мен ғылыми мақалаларды кітап ретінде жтнастырып жариялау үшін, оның тараулары түрлі журналдарда және жинақтарда болады, сондықтан, олардың барлығын біріктіріп, түпкілікті редакциялық жұмысты жасауға үлгеруіміз қажет. Мен кітапты тек фин тілінде жазбаймын, ағылшын тілінде жазылған 50-ден астам кітаптарым бар, сондықтан маған көбінесе редактордың көмегі керек болып жатады. Ол кітаптарды ағылшын және француз тілінде тікелей жазсам да, түпкілікті нәтижелі еңбек болу үшін жергілікті тіл мамандарына тексертемін. Сонымен қатар мен өзімді жазушы ретінде сынап, екі романымды жарияладым. Бұл ғылыми жұмыстан бөлек жазба және шығармашылық жұмыстарына үлкен дайындық етеді. Мысалы менін екінші романым “Villa Nevski Revisited”, фин тілінде “Европа мүмкін” атты әдеби кітабымды алғашқы идеяларды бастау және француз және итальян тілдеріне аудару үдерістерімен қоса қамтығанда аяқтау үшін 20 жыл уақытты қамтыды. Дегенмен жылдам жазылатын типтегі кітаптарым да бар. Мысалы яғни 2019 жылы жақында аяқтаған “Менің естеліктерім” атты кітап 518 бетті құрайды және 2 ай екі аптада аяқтадым. Бұл сонда күніне шамамен тәулігіне 20 беттен жазуға тура келді. Бұны да өзіндік ерекшелік деп қарастыруға болады. Сонымен қатар мен музыкантпын және жиі дайындық жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Мен пианистпін. Жас музыканттармен камералық музыкада ойнаймын және біз көптеген ұжымдық жаттығулар жасаймыз. Алдағы уақытта Испания және Оңтүстік Францияда шағын гастрольдік концерттер қоямыз. Қызығы кейбір семиотика саласындағылар мені музыкант десе, музыка саласындағы кейбір кісілер мені семиотик деп қарастырады. Қарап тұрсаңыз бұл да өзінше пародокс деуімізге болады.
– Сіз жетекші ретінде өз шәкірттеріңізге қалай көмектесесіз? Тұлғаның білім алу үдерісінде қандай жетістіктерді байқадыңыз?
– Мен өзімнің шәкірттерімді кез келген жағдайда қабылдаймын. Оның ішінде Финляндияға келетін шетелдік шәкірттерді де қабылдаймын. Мысалы Европадан ғана емес, Жапониядан, Қытайдан, Қазақстаннан да келетін көптеген шәкірттерім бар. Бұл да өзінше керемет жұмыс. Финляндия білім жүйесінде біз студенттерге көп басымдық береміз, профессор ешқашан мәжбүрлемейді, олар әрқашан өз тақырыптарын өздері таңдайды. Сондықтан мен семинарда барлық уақытта жазбаша түрде түсіндіруге тырысамын, оның ішінде қысқа да нұсқа латындық принциптеріне негізделген Nulla dies sine linea бағыты да бар! Бұл кезек күттірмейтін мәселе болып табылады. Мен көптеген тілдерді меңгеру және кең мәдени философия тарихы мен идеяларын қолдануға назар аударамын. Дегенмен бұл ұзақ үдеріс, ешкім де өз мақсатына жылдам жете алмайды. Мен бір кездері Нью-Йорктегі американдық әріптесім фортепиано виртуозы Чарльз Розенге сіз білімді адам деп айтқанмын. Жоқ, ол жауап берді, сіз ешқашан тез білімді бола алмайсыз, ол үшін сіз үнемі дәріске келіп отырасыз! Сондықтан біз бәріміз мәңгілік студенттерміз!
– Қазақстандық PhD докторанттармен тәжірибеңізбен бөлісіңіз және жағдайды қалай жеңе алдыңыз?
– Менің Қазақстан елінің студенттерімен азды көпті тәжірибем бар екенін айта кету керек. Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болдым және ол жақтан бізге келіп студенттер бірнеше семестр бойы оқып кеткен. Оларды әрдайым қабылдауға қуанышты болдым және Азия, Ресей мен Қытай, Батыс және Шығыс арасындағы қызықты орналасқан мәдениеттермен байланыста боласыз. Алматыда менің дәріс алушыларымның Гёте, Шиллер, Шопенгауэр, Ницше, Бетховен, Вагнер, Кант, Гегель, Манн, Гессе, Мусиль, Пруст және т.б. сияқты еуропалық өнер мен ғылымның ең маңызды тұлғалар туралы білетіні құрметімді арттыра түсті. Мен Қазақстанды шынайы Еуразия орталығы деп ойлаймын. Басты мәселе, бәлкім сіздермен тығыз байланыста болу үшін тіл мәселесін реттеу болып табылады. Еуропадағы университетке келгенде, кем дегенде ағылшын тілін жақсы меңгеру керек, бұл дәрістерді түсінуге, батыстық кітаптарды оқуға және семинарларда талқылауға қатысуға пайдасын береді. Мұны жетілдіру тұстарын қарастырсақ Еуропалық студенттер барлық еуропалық елдерде және басқа университеттерде Erasmus айырбастау жүйесімен еркін тілді жетілдіруіне үдерісіне қатысады. Сондықтан олар жедел түрде ағылшын тілін үйренеді, сонымен қатар телебағдарламалардан және интернеттен үйренеді. Қазақстандық докторанттардың өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сақтауы және білім алуға деген құштарлығы қызықтырады. Мен қолымнан оларға елімнің мәдениетімен таныстыруға және олармен диссертациялық жұмыстарына байланысты әдістемелік бағыт бағдар беруге тырысамын.
– Өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз, сізде табысқа жету қағидалары немесе тұжырымдамасы күрделі болды ма? Сіз қалай табысқа жете алдыңыз?
– Айтуға болады, бұл семиотика ғылымы біреуге қиын немесе мүлдем таныс емес жаңашылдық. Сондай-ақ, өзімнің экзистенциалды семиотикада қолданатын кейбір философиялық ұғымдарым шынайы философиялық білімі жоқ адамдар үшін қиын болуы мүмкін. Сондықтан мен әрқашан нақты қарапайым мысалдарды беруге тырысамын. Музыка туралы сөйлескенде мен әрдайым фортепьянодағы әрбір музыканы ойнау арқылы үйлестіруге тырысамын. Бірақ бұл өте күрделі және қиын емес. Сіз ешқашан студентке айтпаңыз: енді бұл қиын! Сіз тек белгілі бір ескерту жасамаңыз және ол алға жүріп өз нәтижесін береді. Студенттермен әңгімелесу және оларды сұрақтар қоюға шақырып пікір алмасу өте маңызды. Бұрын мысалы фин студенттері сұрақ қою тұрғысында өте ұялшақ өз пікірін білдіруге қысылатын, бірақ қазір барлығы жақсарды. Ал америкалық студенттер өте ашық және коммуникативті. Ал сіздердің студенттерден теориялық білімнің молдығын байқадым.
– Оқу үдерісін жоспарлау тұрғысында қандай тәжірибеңіз бар? Мысал келтіріңіз.
– Менің ойымша, барлық білім беру мәселелері профессордың өзінің құзіреттілігінен басталады. Өзінің берген тапсырмасына сенімді болу керек, әйтпесе сіз өзгелерді сізге сенуге сендіре алмайсыз. Көптеген оқыту үдерісі мысалдармен үйретілуі керек. Менің ойымша, мен докторлық диссертациялардың соншама көлемін шығара алдым, өйткені студенттер менің өз көзқарастарымнан және ғылымға деген сүйіспеншілігімді білді, содан кейін олар менен үлгі алып, маған ұқсауға тырысады, өздерін еркін сезінеді. Мен ешқашан ешкімге семинардағыдай соншалықты тереңірек түсіндірмеймін, дегенмен мен студенттердің жұмыстарын міндетті оқимын және пікірімді білдіремін. Өз кезегінде олар өздерін жаңа істерге құлшындыратын, оны іске асыратын қуанышқа ие болуы керек.
Оркестрдің әлемдік жұлдыздарын шығарған бір финдік ұлы дирижер Йорма Пануланың айтқанындай: «Егер сіз жұлдыз болуды қаласаңыз, онда біліміңіз өте кең болуы керек; сондықтан алдымен сіз бәрін оқып, ертерек маман болуға асықпайсыз. Ол сондай-ақ былай деді: Көмектесіңіз, бірақ мазаламаңыз!
– Сіз неге осы университетті таңдадыңыз?
– Жақсы сұрақ! Мүмкін, мені университет таңдаған шығар. Мен шетелде жүру мүмкіндігім болғанымен Финляндияда қалдым. Маған бір кездері Париж VIII кафедрасынан, содан кейін Томас А. Себеоктан кейін Блумингтон қаласындағы Индиана университеті кафедрасынан қызмет ұсынылды. Бірақ мен осында қалдым, менің әріптестерім жиі осында келіп, менімен кездескенде: «Мен сені Парижде немесе Римде деп ойлап жүр едім дейді. Финляндияда мен фин-угорлық пессимисттік меланхолиялық көңіл-күйден аулақ болуға тырыссам да, оның өзіндік артықшылықтары болды. Мен сондай-ақ тек фин тілін меңгеріп қана қалмауды жөн көрдім, осы себепті Францияға және АҚШ-та сияқты мемлекеттерге саяхаттап, ондағы шетелдік профессорларға жиі барамын. Егер мен осында болмай, Францияда болған жағдайда өзімнің мәдениетімді жақсы білмес едім. Енді мінекей Финляндия халықаралық рейтингтер нәтижесінде екі рет әлемнің ең бақытты елі деп жарияланды!
Сұхбат алған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің “Дінтану және Мәдениеттану” кафедрасының PhD докторанттары Әбікенов Жарқынбек және Абдулина Наргиз.
ПІКІРЛЕР