П. Порошенко В.Зеленскийден үш еседей аз дауыспен кейін келеді. Украинаның орталық сайлау комиссиясының 94,43% бюллетеньді санау қорытындысы сондай. Дәлірек жазсақ, В. Зелинский 73,19%, ал, П. Порошенко 24, 48% дауыс жинаған.
Майдан босқа кетпеді. Сайлау саяси жүйенің демократиялану үстінде екендігін көрсетті. Азаматтық қоғам алдыға шықты.
Бұл Украина таңдауы болса керек. Себебі, былтырғы сауалнама бойынша, Украина халқы жаңа жетекші керек екендігін білдірген болатын.
П. Порошенко аз жұмыс атқармады. Оған В. Янукович пен Ресей билігі кесірінен зиян шеккен Украина тиді. Сөйте тұра экономиканы дамыта алды. Саясатта стадионға В. Зелинскийді шақырып, дебат ұйымдастыруы да демократияның жарқын көрінісі болып тарихта қалмақ. Енді Украина тағы ұрынып қалмаса, саяси да, экономикалық та дами берер, бәлкім.
Украина халқы жаңа президентімен жарқын жетістіктерге жете берсін!
Құрманғали Нұрғали
ПІКІРЛЕР