12-мамыр. Turaninform. Авторитаризмы елінің алқымынан алып отырған, кедей мемлекеттердің бірі саналатын Тәжікстанда, президенті Э. Рахмонов кеден саласы қызметкерінің өтірігі мен басқа да былық-шылығын ашып тастады. Э. Рахмоновтың сұрақтары төмендегідей тізілді…
Э. Рахмон: Микрофонға жақында! Кім боласыз?
Мемқызметкер: Кеден қызметкері: Раджабзода Шахбоза
Э. Рахмон: Жұмыс істегеніңе неше жыл болды?
Мемқызметкер: Бір жыл, сегіз ай.
Э. Рахмон: Бір жыл, сегіз ай? Неше үйің бар? Шыныңды айт!
Мемқызметкер: Үш үй.
Э. Рахмон: Неше мәшинең бар?
Мемқызметкер: Бір.
Э. Рахмон: Біреу емес, шыныңды айт! Менде мәлімет бар.
Мемқызметкер: Екі мәшине. Тек біреуі ғана менің атымда.
Э. Рахмон: Біреуі басқаның, екіншісі сенің атыңда. Қанша тұрады? Неше шет тілін білесің?
Мемқызметкер: Үш тіл.
Э. Рахмон: Қайда оқыдың?
Мемқызметкер: Ресейдің Дипакадемиясында. Мемқызмет.
Э. Рахмон: Алдама, аяқтаған жоқсың!
Мемқызметкер: Мемқызмет. Иә, иә (Бекіте сөйлейді – Turaninform)
Э. Рахмон: Өтірік айтпа, бітірмедің!
Мемқызметкер: Иә, бітірген жоқпын. Жоғары мәртебелім, бір мәселелер болып еді.
Э. Рахмон: Сауатсыздығыңның кесірінен шығарып жіберді! Неге сен мемлекет басшысы балаларының атынан сөйлейсің?
Э. Рахмонов әрі қарай да іреп, өз еркіңмен жұмыстан шығып, көзіңді құртасың дей келе, әңгімені шетел асырған ақшаларды қайтарасың дегенге тірейді.
ПІКІРЛЕР