Қазақстан бұрынғы КСРО елдері ішінде қолдан жасалған осы аштықтан қайтыс болғандары ең көп ел. Пайызға шаққанда солай. Украинаның өзінде сол уақыт шамасында, аштық құрбандары халықтың 12,93%-ы болған. Ал, бізде 1,7 бірде 2, 3 млн. адам құрбан болған деген әртүрлі дерек бар. Бірінші мәліметтің өзінде, 20%-дан еркін асады.
Украина билігі «Голодомор» деп ресмилеп, геноцид санап, халықаралық деңгейде бұл алапат оқиға ретінде көтерді. Соған сәйкес, АҚШ, Канада, Италия, Бразилия, Венгрия, Польша, Эстония, Литва, Латвия т.б. елдер геноцид деп санады. Біздің ел билігі де қолдан жасалған бұл тарихи трагедияны халықаралық деңгейге көтеруі керек қой. Ал, Ресей билігі КСРО-ның мұрагері ретінде кешірім сұрауы тиіс. «Мызғымас дос» сондай қадамға барады… Сол ашаршылыққа тікелей қатысты болған біздің елдегілер де…
Қ. Нұрғали, тарихшы
ПІКІРЛЕР