Арыс наразылығы: Халыққа мың да бір рахмет, үкімет не істеп жатыр?!

Арыс наразылығы: Халыққа мың да бір рахмет, үкімет не істеп жатыр?!

27-маусым. Turaninform. Жарылыстан кейін жан-жаққа үдере көшкен арыстықтардың оқиғасы тіпті қоюланатындай. Олар бүгін Шымкентте наразылыққа шықты. “Арыс!”, “Жер беріңдер!”, “Үй беріңдер!” деп айқайлаған қалың жұрт.

Халыққа рахмет деп, билікке наразы екендігін білдірген жұрттың арасында қайта Арысқа барғысы келмейтіндердің қарасы да аз емес. “Кедей халық жасап жатыр, біздің жағдайымызды. Үкімет не беріп жатыр?” дейді бір тұрғын. Есімін жасырмай Төлебаева Динара деген Арыс тұрғыны да сол сарында пікір білдірді: халыққа мың да бір рахмет!Үкімет не істеп жатыр?! Тағы бір тұрғын оқиға болған кезде де, үкімет көмегінсіз жалаңаяқ Шағыр деген елдімекенге қарай қашқанын айтады.

“Мешіт сыртында жүрген есімін Дәурен Әбілдаев деп өзін таныстырған азамат 26 маусымда Арыс қаласына барып көргенін, қалада қазір тұру мүмкін емес екенін айтты.

– Ауасы өте лас. Барсаң, бірден тамағың ауырады. Ол жақта тұру мүмкін емес. Өлген малдар бар. Үйлері жарамсыз, – деді (Азаттық).

Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев болса, тұрғындар 28-маусымнан бастап Арысқа кіре алатынын мәлім етті.

 Фото “Азаттықтан” алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0