15-тамыз. Turaninform. Бүгін әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқов туған күні. Осыған орай оның “Менің Қазақстаным” “әнінің шығу тарихына байланысты кезінде айтқан ойын жазбаша ұсынуды жөн көрдік.
Ш. Қалдаяқов “Менің Қазақстаным” туралы былай деген: Солтүстіктегі бес облысымызды целинный край қылып бөліп жатқан болатын. Целинный край қылып бөліп жатқан кезде сосын жұрт шуылдап: бұл қалай, орыстар бөліп алайын деп жатыр мынау солтүстік облыстарымызды деген шу шығып, айқай шығып, сөйтіп жатқан болатын.
Сол кезде Қазақстан, Менің Қазақстаным деген, деп жазған ұран әніміз еді.
ПІКІРЛЕР