Экологтар “Бірыңғай есеп беру күні” шарасына қатысты

Маңғыстау облыстық экология департаментінің өкілдері «Бірыңғай есеп беру күні» шарасына қатысты.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Алихан Қыраубаевтың төрағалығымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының ғимаратында бақылау және қадағалау органдарының өкілдері кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Шараның негізгі мақсаты – бизнес-қоғамдастықпен кері байланысты қалыптастыру болып табылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға кәсіпкерлермен ашық диалог жүргізуді тапсырған болатын. Онда өңірлердегі бизнес-қоғамдастықтардың алдында бақылау-қадағалау органдарының есебі бірыңғай күнін жүргізу тәжірибесін енгізу қажеттігі, бұл заңнамадағы жаңашылдықтар түсіндірілетін, мемлекеттік органдар жұмысының басымдықтары айтылатын ашық диалог алаңы болатыны айтылды.
«Тәуелсіз сот — бұл инвесторлар мен кәсіпкерлер тарапынан елдің бизнес ахуалына сенімнің іргелі сенімі. Кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы сот дауларында тараптардың теңдігін қамтамасыз ету қажет», – деген еді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
ҚР Президенті жүйелі шара «кәсіпкердің адалдық презумпциясы» болуы тиістігіне назар аударып, бизнес жүргізу рейтингін төмендеткен әкімге шара қолданылатынын, бизнес-омбудсменге жұмысты жандандыруға, бизнес-қоғамдастықта танымал әрі қажетті болуға кеңес беруге, сонымен қатар өңірлік бизнес-омбудсмендер енгізу мәселесін қарастыру қажеттігін айтқан еді.
Шара аясында “Ашық есік күні” ұйымдастырылған болатын. Кәсіпкерлердің сұрақтарына бақылаушы, қадағалаушы және басқа да уәкілетті органдарының өкілдері жауап берді. Аталмыш шараға қатысушылардың басым бөлігі шағын және орта бизнес субъектілері болды.
Маңғыстау облысы экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Ержан Жұмашев ведомстваның негізгі қызметі, әсіресе қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
Департамент тарапынан түрлі жиындар, отырыстар, қоғамдық кеңестерде өңірдегі табиғат қорғау аясында көптеген ұсыныстар берілген болатын. Сондай-ақ, ҚР экологиялық саясат, табиғат пайдаланушыларға мемлекеттік экологиялық бақылау және табиғат пайдалануды реттеу аясындағы міндеттер туралы да айтып өтті. Жалпы кәсіпкерлер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға тұшымды жауаптар қайтарылды. Айта кету керек, аймақтық департамент диалогқа және барлық мүдделі тараптармен жұмыс жасауға ниетті. Бұдан бөлек, департамент өңірде жүзеге асырылатые кез-келген бизнес бастаманы қолдауға дайын.
 Нұрбол Оқуов

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0