20-қараша. Turaninform. Құрманғали Нұрғали. БҰҰ-ның халықаралық соты Украинаның Ресейге қатысты шағымын қабылдапты. Шағымда Донбастағы жағдай, Қырымдағы адам құқығына қатысты мәселелер бар. Гаага соты
Егер, сот шешіміне сәйкес, Ресей терроризмді қолдаушы ел деп саналса, бұл тарихтағы осындай алғашқы айыптау болмақ. Әрі Гаага сотының үкімі басқа арқылы қайта талқыланбайды. Олай болса, Ресей билігі қайтпек?..
Мәселе мынада, біріншіден, Гаага соты өз шешімін іске асыратындай аса өкілетті емес немесе қандай бір ел орындамаса нақты жазалайтын тетігі жоқ делінеді. Екіншіден, іске асуын қадағалауда ықпалды күш – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі. Бірақ, мұның тұрақты мүшелерінің бірі – Ресей. Қалған елдер (барлығы қолдауы да екіталай) жақтаса да, Ресей вето құқығымен іске асырмай тастай алады.
Сондықтан тағы да екіжақты үлкен саяси үдеріс басталып отыр. Бұл жерде басты оқиға Ресейге қарсы Гаага сотының іс қозғауы болса керек. Әзірге…
Бұл “Норманд төрттігі” үшін де жаңа жүк, бәлкім, Ресей тарапын жұмсартар.
ПІКІРЛЕР