ЖОО-да білім беру мекемелерінің нәтижелі және тиімді жұмыс істеу әдістерін жетілдіруді бағалау

ЖОО-да білім беру мекемелерінің нәтижелі және тиімді жұмыс істеу әдістерін жетілдіруді бағалау

«Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат алу үшін іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек» Әлемдік ғылым жүйесінің циклін жасаған Ұлы Тұлғалардың бірегейі-Әл–Фараби осылай айтқан екен. Неше ғасыр бұрын айтылып, адамзат санасына сіңген осы бір тәмсіл сөздің мағынасына әрқашан үңілемін. Әсіресе, ғылым жолына бет алған кезден бері менің бағдаршамыма айналды. Бүгінгі ғылыми ізденісімнің де негізгі обьектісін осы жауапкершілік жүгі бар сөзден бастағалы отырмын.

Жоғары оқу орындарының білім беру мекемелері, ғылым, стратегиялық жоспарлау.

Қазіргі ғылым технологиялық жаңғырудың «көлеңкесінде» қалмауы үшін күнделікті өмірлік маңызы бар салаларға мән беру керек. Сондай іргелі салалардың бірі – білім беру мекемелері жұмысының тиімділігін айқындау қазір өзекті. Бұл тақырып әлемдік білім кеңістігі үшін жаңалық емес. Олар бірнеше ғасыр бұрын осы сұрақтарды көтеріп, ғылыми бағыттарын түзіп қойған. Алайда, Орталық Азия елдері немесе ТМД ға мүше елдердің білім жүйесі әлі нақты тиімділіккөрсеткіштерімен жарақталмаған. Қазақстанның білім жүйесіне ғаламдық әдістемелік тәжірибелерді енгізе отырып, жоғары оқу орындарының сапасын арттырып, педагогикалық парадигмаларды бағыттауға болады. Себебі, білім саласының негізгі принципті бағыты – оқыту, білім бере отырып жаңа технологиялар мен көзқарастарды енгізу болып табылады.

Жоғары оқу орындарының білім беру мекемелерінің нәтижелі жүмыс істеуін жетілдіру үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу маңызды. Білім беру ұйымдарының жұмысын бақылайтын тәуелсіз зерттеу орталығындағы мамандардың айтуынша, сапа менеджменті жағдайында саланы артқа тартатын жүйелі проблемаларды жою негізгі жұмысқа айналуы қажет. Бұл жұмыстар оқу орны басшылығының жеке көзқарасы тұрғысынан емес, ұжымдық шарт және арнайы заңдық күші бар құжаттармен рәсімделген ереже бойынша жүргізілуі керек.

Стратегиялық жоспарлау және сапамен басқару технологиясын енгізу ЖОО білім беру мекемелерінің нәтижелі жұмыс істеуінің алтын кілті. Бірақ, бұл салаға толық ену үшін алдымен тақырыпты терең зерттеп, отандық ғылымның ерекшелігін ескере отырып ортақ тұжырым жасауымыз керек. Шынын айту керек, қазіргі білім беру мекемелерінің көбі қоғамдық ортаның талаптарына сай емес, ондай жағдайда білім беру мекемелеріне халықаралық сапа стандартын енгізу мүмкін емес. Кері әсер береді. Бір жағынан студенттердің ойлау қабілеті мен зерттеу нысандарындағы қалыпты (реали) жағдай ара-қатынасын анықтап алмай қандай да бір қадамға бару қауіпті. Алайда, тәуелсіз зерттеу ұйымдары не білім беру мекемелеріндегі қоғамдық ұйымдардың көзқарасы бойынша жаңа технологиялардың механизмдерін енгізуге болады. Қандай да бір салааралық бағыттарды қолға алып, ұзақ мерзімді жоспарлап ортақ межеге жеткен оқу орындарының тәжірибелері де жеткілікті. Кез келген ЖОО мекемелері үшін қандай да бір тәжірибелі өзгерістерді енгізудің өз тәуекелдері бар.

Үздіксіз өзгеріске төтеп бере алмай, орта тұстан қалып қойып жатқан бағыттар да бар. Бір сөзбен айтсақ, қолда бардан айырылып қалмаудың қамын жасаған абзал. Қалай болғанда да білім беру мекемелерінің тиімділігін арттыруды бағалауда өзіндік дәстүр мен ішкі аураны бұзбау аса маңызды қадам болар еді. Материалдар мен әдістемелер жетеді. Анализдер мен нормативтік-құқықтық актілер, стратегиялық менеджменттің әдістері бар. Бұған дейін де жасалған. Қазіргі уақыт талаптарына сай әзірленгендері де бар. Алайда, ЖОО мекемелері белгілі бір қадамдарға бару үшін ең тиімді тәсілдерді қолдануы керек.

 Білім министрлігінің қазіргі көзқарасы да  ЖОО мекемелеріндегі ахуалға оң әсер етіп отыр деп ойлаймын. Оның үстіне ашықтық ғана емес, ішкі және сыртқы бақылау мен қоғамдық белсенді ортаның пікірін ескеру жағдайлары да министрліктің жұмысын өзекті етіп отыр. «Нұр Сұлтан» қаласындағы «Астана» университетінің жұмысына қатысты пікірлердің қоғамда талқылануы және оған министрліктің ашық түрде жауап беру де ашықтықты білдіреді.

Халықаралық стандарттарды басшылыққа ала отырып әзірленген стратегиялық жоспарлау және сапа менеджменті тұжырымдамалары білім беру ұйымын тұрақсыздық пен түрлі қатерлерден қорғап қалады. Сонымен қатар, шынайы бәсекелестік ортаға бейімделуге және нормативтік-құқықтық базаны өзгертуге арналған құралдар мен әдістердің жиынтығын белгілеуге мүмкіндік береді.

Бұл жерде маңызды аспект- білім беру процесінің негізгі мүдделі тараптарын жоспарлау процесіне тұрақты түрде қатыстыру, ұйымның құрылған білім беру ортасының бірегейлігін бұзбай, жүйенің жекелеген элементтерін уақытында түзетуге мүмкіндік беретін, тараптардың сигналдарына (вызов) ашық жауап беру жүйесін құру. Бұл жүйе халықаралық білім беру стандарттарына қатысты менеджменттің барлық аумағын қамтиды.

Стратегиялық жоспарлау және сапа менеджменті жүйесі білім мен ғылымды бірізділендіру не әртараптандыру, студенттерге бағытталған басқару тұжырымдамаларының ережелерін, әзірленген және енгізілген модельдердің жариялылығын ескерсе кәсіби тұрғыдан жаңа қадам жасауға болады.

Стратегиялық жоспарлау және білім сапасын басқару жүйесін жобалау және модернизациялау кезінде ұйымға студенттер мен жұмыс берушілердің өкілдерін жұмыс топтарына қосу маңызды буын болып есептеледі. Алайда, осы жағы көбіне қалыс қалып жатады. Қараңыз, мысалы комиссия құрамын бекіту не қоғамдық белсенділерді анықтау сынды тұтынушылар аудиториясымен кері байланыс орнататын қандай да бір қадамдарға бару батыл әрекет болады. Проблемаларды шешу, қалыпқа келтіру, қоршаған орта талаптарына жауап беру жұмыс тәртібін әрі қарай бекітеді. Осыларды тиімді жүргізу арқылы бәсекеге қабілеттілік дәрежесін бағалап, тиімділіктің жаңа моделін енгізу бүгінгі ғылымның негізгі бағытына жатады.

Сондықтан бұл жұмыстарды қолға алған оқу орны басшылығының негізгі мақсаты – сапа менеджменті тұрғысынан жоғары оқу орындарының сапасын бағалау жүйесін жетілдіру, бәсекеге қабілеттілік индикаторларын дамытуға бағытталуы тиіс. Қазіргі зерттеу нысанындағы сұрақтарға қарасақ, ЖОО білім беру мекемелерінің сапасын жақсартуға кедергі келтіретін проблемалар анықталып, жүйеленгенін байқау қиын емес. Алайда, уақыт өте келе бұл тақырыптар да жаңарып отырады. Сондықтан, жоғары оқу орындары мекемелерінің тиімділігін анықтау үшін қолданылатын өндірістегі сыни-бағалау кешендеріне талдау жасау эксперименттік деңгейден шынайы өндірістік бағытқа көшуі керек.

Қазіргі талдауларда ЖОО білім беру мекемелерінің сапа компоненттерінің мазмұны нақтыланды.Қазіргі білім беру тұжырымдаларына сүйенсек, ЖОО білім беру мекемелерінің нәтижелі және тиімді жұмыс істеу әдістерін жетілдірудегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру – ұлттық міндетке айналып отыр.

Білім нарығындағы көзқарасты нақтылап, дұрыс шешімдер шығару үшін – білім беру мекемелеріндегі сапа нәтижелерін анықтайтын ресурстарға мән беру керек. Олар ғылыми және технологиялық болжау, озық біліммен алмасу және жаһандық мәселелерді шешу т.с. компоненттерден тұрады. Осыларды шешу арқылы жетекші оқу орындарын бизнес, қоғам және мемлекет арасындағы диалог алаңына айналдыруға жол ашылады.Тиімділік пен нәтижелі жұмыстарға жол ашу үшін – алдымен адами-ресурстарға ерекше мән берген абзал.

ЖОО білім беру мекемелері жағдайында ғалым-профессорлар құрамы, олардың әлеуметтік статусы ескерілуі керек. Мысал үшін айта кетейік, ғылыми орталықтары кезінде дүрілдеп тұрған көрші ел- Ресейдегі ахуал қазір онша емес. Әсіресе, гуманитарлық білім беру мекемелерінің жайы сыннан көз ашпай тұр. Сондықтан, оқытушы-профессор құрамының сұранысын қанағаттандыру үшін адами капиталды еңбек ресурстарында тиімді пайдалундың әлемдік стандарттарын енгізген абзалырақ. ЖОО білім беру индикаторларын есепке алғанда адами капитал маңызды құрамдас бөлікке айналу керек деп нық сеніммен айта аламын.

Нәтижелі жұмыстарды қолға алып, дұрыс шешім қабылдау үшін бүгінгі зерттеу обьектісіне айналған басымдықтар:

      -Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар түзу

-Мекеменің коммуникативтік ортасын үнемі бақылау. Қорытынды талдаулар жасау

-Мүдделі (құзырлы) тараптарды анықтап, негізгі қажеттіліктіқамтамасызететін көрсеткіштерге талдаулар жасау. Өндіріске қатысы бар тараптардың ұйымға тигізетін әсерін анықтап, қажеттіліктерін бағалау

-Мүдделі тараптарды үнемі тарту.

-Серіктестермен ұжымдық тең көзқарас орнату, кәсіби тиімділіктерге зерттеу жасау.

ЖОО білім беру ұйымдарындағы біліктілік пен кәсіби шеберлікті арттыратын параметрлер осы бөліктерді қамтығында жақсы нәтижелерге жетеді деп ойлаймын.

Саладағы проблемаларды іріктеп, анықтап жазған едім:

ЖОО білім беру мекемелеріндегі тиімділікті жақсарту үшін

*Білім беру мекемелеріндегі жағдайды әлеуметтік-экономикалық даму динамикасымен тең ұстау. Нарықтық дағдарыс тәуекелдері әрқашан қауіпті.

*ЖОО білім беру жүйесін еуропалық тенденциялармен ұштастырып дамыту

*Профессор-оқытушылық құрамды жаңартып, ғылыми-әлеуметтік орта құру

Жалпы алғанда, ЖОО мекемелеріндегі нәтижелі және тиімді жұмыс істеу тәсілдерінің Ұлттық моделін құратын уақыт жетті. Онымен айналыстан ресурстық орталықтар бізде жетеді. Қаржы да жеткілікті. Ендігі міндет осы шаруаны белгілі бір құзырлы мекемеге міндеттеп, жүргізу сұрағын шешу ғана қалды. Қазіргі ақпараттық-технологиялар уақытында білім моделдерін жаңғырту алдыға шығып отыр. Бірақ, оқу орны басшылығының негізгі принципті  кқзқарастары мен функционалдық міндеттері арасындағы коммуникацияның дұрыс орнамауынан бұл сұрақ ашық күйінде қалып отыр.Қалай болғанда да, тақырыпты толық ашып, кешенді зерттеу үшін анализдік -сараптамалық жұмыстарды қолға алу қажет болады. Әйтпесе, теориялық жұмыстардың аясынан шықпай қаламыз. Әлеуметтік зерттеулер және жабық анкеталық сауалнамаларды қайта енгізіп, қолға алуға болады.

Бұл тақырыптарды бір мақала деңгейінде кешенді шешу мүмкін емес. Алдымен, толық зерттеу жұмыстарын жүргізген абзал. Әсіресе, осы мәселелердің құқықтық-нормативтік баптарын жүйелеп, әлеуметтік статусына мән беру керек. Олай болмаған жағдайда, біз айтқан сапа менеджменті де бұл сұрақтарға жауап бере алмайды. Әрине, белгілі бір технологиялық міндеттер бар, бірақ, зерттеу обьектісі бұл тақырыптарға сыймайды. Тым ауқымды, стратегиялық маңызды тақырып болып есептеледі. Алдағы диссертациялық еңбегімде осы жұмыстарды аймақтардағы және орталықтағы білім беру мекемелеріне барып, сауалнама түрінде жүргізуді қолға алуды жоспарлап отырмын. Сәтін салса, ғылыми еңбек ретінде жариялаймын деп ойлаймын.

 Ертілеуова А.Б., магистрант Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0