АҚШ-та ерлі-зайыптыларға $4 мыңнан таратылуы мүмкін

АҚШ-та ерлі-зайыптыларға $4 мыңнан таратылуы мүмкін

12-мамыр. Turaninform. Әлемді жайлаған COVID-19 ауруы салдарына сәйкес, АҚШ Сенатының депутаттары әр азаматқа ай сайын $2 мыңнан тарату туралы ұсыныс тастады. Егер, заң жобасы мақұлданса, ерлі-зайыптыларға $4 мыңнан, ал, үш жасқа толмаған әр балаға 2000 АҚШ долларынан тарату да көзделген. Мұның алдында қабылданған немесе әр америкалыққа берілетін 1200 АҚШ доллары, сенатор Берни Сандерстің ойынша, әрең жетеді.

АҚШ COVID-19 ауруына ұшырау және содан қайтыс болғандар саны бойынша әлемде бірінші орында. Экономикасы да орасан зор шығынға түсуде. Пандемия кесірінен 30 миллионнан астам адамы жұмыстан айырылған.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0