А. Атамбаев 11 жылға сотталды

А. Атамбаев 11 жылға сотталды

23-маусым. Turaninform. Қырғызстан соты бұрынғы президенті А. Атамбаевты 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырды. Әрі мүлкі де тәркіленбек. А. Атамбаев соңғы сөз айтудан бас тартқан. Ал, прокуратура 15 жыл сұраған делінеді.

А. Атамбаев былтыр күш құрылымдарымен қарулы қақтығысқа дейін барды. Қырғызстан билігінің өкілдері екінші рет күшпен ұмтылғанда ғана барып оны тұтқындауға әлі жеткендей көрінді. А. Атамбаевқа бұған дейін бірнеше айып тағылғаны белгілі. Дегенмен тұтқындалғанға дейін-ақ Қырғызстанның қазіргі президенті С. Жээнбековпен арадағы қайшылықтың әбден пісіп жетілуі саяси жағын қоюлатты…

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0