Ток-шоу

Ток-шоу

Қазіргі таңда, қай телеарнаны ашсаңыз болды, ойын-сауық бағдарламалары мен шетелден айнымай көшірілген ток-шоуларын көресіз. Көрермен тарту, бәсекеге төтеп беру оңай емес екені бесенеден белгілі. Осылайша арзан жолмен рейтинг жинауды мақсат тұтқан телеарналар өкінішке қарай, тәрбие мен  идеология құралы екенін алаңсыз ұмытып кеткен сыңайлы.

Өйткені, телеарна — бір мемлекеттің  дүрсілдеп  соққан жүрегі  іспеттес, тұла бойына бүлкілдеп аққан қан тамыры десе де, болады. Телеарна — қазақ  қоғамының айнасы. Қазақ деген қандай халық екенін телеарнасына қарап аңғарса болады. Қазақ ұлт ретіндегі ерекшеліктері мен ар-ұяты, нені құрмет тұтады, тарихында нені бағалаған, әдебиеті мен мәдениетіндегі құндылықтар нені меңзейді. Осы сұрақтарға  жауап  іздеген кез-келген өзге ұлт өкілдері телеарнаға  қарауы ақиқат. Сондағы көретіндері таңертеңнен кешке  дейін ән салып тұрғандай әсер қалдырады. Бұлай дейтініміз, қай арнаны ашсаңыз әнге байланысты  жаңа бағдарлама шығады. Бізде одан басқа мәселе қалмаған ба деп те таңғаласың.

Телесала әу бастан танымдық, тәрбиелік және ойын-сауықтық сынды үш мақсатты көздесе, бүгінгі  арналар соңғы бағытында келе жатқанын аңғару қиын  емес. Миллиондаған көрерменнің талғамын қалыптастырып, тәрбиелейтін де осы бағдарламалар емес пе? Телеарнадан тәрбие алады. Солар секілді сөйлеп, киініп, шаш қойып, күліп жүргісі  келеді. Тележүргізуші — бір елдің сыр-сипаты, ақыл-ойы, этикеті, абырой-беделі  болуы  керек.

Тележүргізуші  деген  жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сауатты шешен, жан-жақты  білімді, мәдениетті, этикалық-эстетикалық  талғамы терең, ұлттық құндылықтарға  тамыр жіберген, сегіз қырлы, бір сырлы кәсіби мамандар болса игі. Ал, бізде кез-келген қолы жеткен  әнші, биші, күйші, әртіс, ақын, сайқымазақ  жүргізе береді. Жасанды дауыс, күлкі, әдемілік, сұрақ, жауап бәрі  жасанды. Қас-қабағын  керіп, мың құбылып әуре. Отырғандарының  өзі суретке түскелі  отырған адамдай  өздерін-өздері көрмеге  қойып  әлек. Тіпті, Алмас Алтай деген қып-қызыл жындыға қатты ұқсайды, өйткені сахнада өз білгенін істеп отырады,сахна мәдениетінен бейхабар. Осыдан кейін  біз  қалай? Ел  боламыз.

Сондықтан  менің ұсынысым «Бабалар  сөзі, ақылдың  көзі» деген  бағдарламаны жүргізсем деймін. Ондағы  мақсат өскелең ұрпаққа дұрыс жол нұсқау болса, ал үлкендерге үгіт-насихат  айту. Ата-бабаларымыздың  салып кеткен сара жолымен жүрсек, еш қателеспейтініз  анық. «Жеті ғасыр мен бес ғасыр жырлайды»  атты  кітаптардан мысалдар келтіріп, қазіргі  заманға байланыстыра отырып сөз саптауды, шешендік өнерді  кеңінен насихаттау. Тәрбиелік мәні мен маңызы бар тақырыптарды талдау. Сөзінен сүрінбейтін, әдептен  аттамайтын, табиғилығынан танбайтын, әсіре дарақылыққа бармайтын, таланты мен талғамы  биік  әр саланың мамандарын шақырып сөзге тарту.

Тақырыпқа байланысты 10-15 минуттік сюжет түсіру. Және тақырыпты біздің ата-бабаларымыз қалай? шешкен. Тығырықтан арбаны сындырмай, өгізді өлтірмей шығу жолдарын қарастыру. Шешімін өздеріңізге  қалдырамыз құрметті көрермендер деп аяқталады.

Жұмамұрат  Шәмші, журналист

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0