6-қазан. Turaninform. Қ. Нұрғали. Жоғарғы Кеңес сайлауы қорытындысынан соң басталған наразылық әлі басылар емес. Саяси наразылық салдарынан Қырғызстан премьер-министрі Қубатбек Боронов пен Жоғарғы Кеңес спикері Дастан Джумабеков қызметтен кетті. Премьер-министрдің міндетін атқарушы болып Садыр Жапаров бекітілді. 2018-жылы 11,5 жылға сотталған ол, осы наразылық кезінде түрмеден босатылған болатын. Ендігі оны Қырғызстан Жоғарғы соты ақтап та үлгірді. Ал, Жоғарғы Кеңес төрағасы болып Мықтыбек Абдылдаев келді. Ол “Бир Бол” партиясынан сайланған депутат.
Қазіргі президент С. Жээенбековтің саяси ықпал ету аймағы тарылып қалды. Тіпті заң шеңберінде өз арызымен кетуге не импичментке жол ашылып тұр. Әйтпесе…
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР