1-желтоқсан. Turaninform. Әлемдегі ең қымбат санаулы компаниялардың бірі – Amazon қызметкерлерінің саны биылғы он айда 427 300 адамға артты. Жарты миллиондай адамды осынша уақытта жалдау пандемия кезіндегі компания қызметіне деген сұраныстың артуымен байланысты болған. Осылайша, қызметкерлерінің, жұмысшыларының саны 1,2 миллионнан бір-ақ шығыпты.
Компанияның негізін салушы Джефф Безостың байлығы да пандемия кезінде бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Оның байлығы бірде 200 миллиард АҚШ долларынан да асып кеткен еді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР