16-желтоқсан. Turaninform. ҚР президенті Қ. Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Оның Твиттердегі парақшасында былай делінген: “Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз – бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету – қастерлі парызымыз”.
Қазақстан Тәуелсіздігі осыдан 29 жыл бұрын жарияланды. Тәуелсіздігімізді бірінші болып таныған ел – Түркия.
Фото: Ақорда
ПІКІРЛЕР