28-сәуір. Turaninform. ҚР Тұңғыш президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы қызметінен кетті. Ендігі төраға – ҚР президенті Қ. Тоқаев.
– Қазақстан халқы Ассамблеясы тірек ретінде іс басындағы Президенттің жанында тұруы тиіс және екінші жағынан Мемлекет басшысы да Ассамблеяға арқа сүйейді. Сондықтан мен Ассамблеяны басқару құқығымды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым, – деді Н. Назарбаев.
Бірақ, Президент өтінішімен құрметті төраға болып қалды. Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995-жылы құрылған.
Фото: assembly.kz
ПІКІРЛЕР