Балқар: Қазақ ұлтына ризамыз

Балқар: Қазақ ұлтына ризамыз

 Кавказ. Әскери борыш өтеп жүрген кез еді. Өткен ғасырдың 80 жж. аяқ тұсы. 5-6 қазақстандық әскери жігіт Эльбрус тауына бара жатырмыз. Жолай базарына кірдік.
Байқаймын, артымыздан әлдебір бейтаныс әйел кісі де еріп келеді. Жүрген сайын соңымыздан қалар емес. Бір кезде: “Қазақсыз ба”, – деп сұрады. – Иә, қазақпын.

– Мен Ақтөбеде тудым. Ұлы Отан соғысы кезінде депортацияға ұшырап, сонда орналастырған.​​ Бейбіт тұрдық. Ризамыз. Өсіп-өндік. Қазақ халқына разымыз, – деді орта жастан асып кеткен жылы жүзді әйел кісі. Ұлты балқар екен.​
Ол кісі балқарша мен қазақ тілінде өзара тілдестік.​ Қазақша сөйлесіп келе жатқасын, елең етіп, соңымызбен жүріп отырған екен…

 Құрманғазы Нұрғали

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0