26-мамыр. Turaninform. Коронавируске қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастырған Еуроодақтағы алғашқы ел – Мальта. Бұл елде кемі 70% ересек адамдар бір рет болсын екпе салдырған. Бұл туралы capital.ua хабарлады. Сол елдің вицепремьер әрі денсаулық министрі Крис Ферненің сөзінше, екі мәрте салдырғандар 42%ға жеткен.
Бұл елде толық екпе алған адам, шілдеден бастап, көшеде маскасыз жүруіне болады.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР