Прокурорлар 1,5 мыңнан астам азаматты қылмыстық процеске негізсіз тартудың алдын алған

Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов пен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қызылорда облысына жұмыс сапармен барды. Ведомстволардың басшылары прокурорлар мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының жаңа іс жүргізу жағдайындағы өзара іс-қимыл тәртібімен танысты.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан ЕЭЫҰ елдерінің үлгісі бойынша қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшуді бастаған. Полиция дәлелдемелерді жинап, прокуратура оларға құқықтық баға береді, ал сот үкім шығаратын болады.

Бұл тәсілдің артықшылығы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі болып табылады, азаматтардың құқықтарын қорғау механизмі күшейтіледі.

Қазіргі уақытта өзгерістердің бірінші кезеңі – прокурорлардың тергеу органдарының негізгі шешімдерін электрондық форматта келісуі іске асырылуда.

Егер бұрын тергеуші азаматтарды қылмыстық шеңберге тарту мәселесін дербес шешсе, енді оның шешімдері прокурор келіскеннен кейін ғана күшіне енеді.

Жаңа жағдайларда прокурор тергеу процесіне белсенді қатысады және заңсыз шешімдерге уақытылы ден қояды.

Жыл басынан бері елімізде прокурорлар 133 мың шешіммен келісіп, 1,5 мыңнан астам азаматты қылмыстық процеске негізсіз тартудың алдын алған.

Сондай-ақ, Бас Прокурор облыс әкімі Г.Н. Әбдіқалықова, өңірдегі құқық қорғау және арнайы органдар басшыларымен қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Прокурорларға қылмыстық процесте қадағалауды күшейту және органдар басшыларымен бірлесіп, нақты өзара іс-қимылды жолға қою тапсырылды.

Іс шара қорытындысы бойынша басшыларға басқа да бірқатар тапсырмалар берілді.

 Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0