17-шілде. Turaninform. Елбасы Н.Назарбаев Я. Арафатпен кездескенде, Палестина жетекшісі Ливия басшысы М. Каддафи атынан келгенін айтады. Қазақстанның ядролық қаруын өзінде қалдыру үшін. Н.Назарбаев мұны ұстап тұруға үлкен қаржы керек екенін айтқанда, Я. Арафат: “Қанша ақша қажет?” деп сұрапты. Сонда ол салған жерден 20 млрд. (АҚШ доллары – Turaninform) деп айтады. Палестина жетекшісі Ливия басшысына жеткізетінін, орындалатынын айтқан екен. Бұл туралы Қазақстанның бірінші президенті АҚШ режисссері О. Стоунға берген сұхбатында айтады.
Қазақстан жаппай қырып-жоятын қару-жарақтан бас тартқаны белгілі. Сол кезде Қазақ елі ядролық қару саны бойынша төртінші орында тұрған.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР