21-шілде. Turaninform. Израильдің Pegasus тыңшылық бағдарламасы арқылы әлемнің көптеген саясаткерлері, журналистері т.б. қызмет өкілдерінің телефондары тыңдалған көрінеді. Зардап шеккен болуы мүмкін делінген адамдар арасында Франция президенті Э. Макрон да бар. Одан басқа да елдердің қазіргі және экс-басшылары аталған. Бұл туралы Deutsche Welle ақпарат құралы хабарлады. Ел бойынша жазсақ, Франция, Пәкістан, Ливан және Қазақстан т.б. мемлекеттер тіркелген…
Әдетте, мұндай электронды тыңшылық бағдарламасын арнайы қызмет секілді органдар пайдаланатыны жазылады.
Фото: The Guardian бейнематериалынан өңделіп алынған
ПІКІРЛЕР