4-тамыз. Turaninform. Финляндия премьер-министрі С. Марин ішіп-жеуге ел бюджетінен жұмсаған ақшаның бір бөлігі – 10 мың еуроны мемлекетке қайтарды. Мұның алдында ақпарат құралдары ел қазынасынан отбасылық таңғы асқа айына €300 құртып жүр деп мәселе көтерген еді. Артынша үкіметі тексере келе одан да көп деп мәлім етті: 850 еуро.
Мәселе қоғамдық деңгейге көтерілгенде, ол бұл әрекетін алдыңғы үкіметтен қалған “дәстүр” деген секілді уәжімен жуып-шайғысы келді-ақ. Бірақ, қабылданбады.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР