Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында педагогтың кәсіби өсуі

Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында педагогтың кәсіби өсуі

Цифрлық технологияларды қолдануда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім беруде STEM және STEAM – тәсілдерін іске асыру тәжірибесін тарату мақсатында «Өрлеу»-Нұр-Сұлтан филиалы «Өрлеу» – Шығыс Қазақстан облысы филиалымен бірлесіп, 18 қарашада «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында педагогтің кәсіби өсуі» тақырыбында Республикалық семинар өткізді.

Семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясы, Білім басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты.

Семинардың пленарлық отырысы мен екі сессиясына республика өңірлерінен 500-ге жуық педагог қатысып, өз қызығушылықтарын білдірді.

Семинардың пленарлық бөлімінде алғы сөз арнаған филиал директорлары Г. Онланбекқызы және Г.С. Жұманова қатысушыларға сәттілік тіледі. Пленарлық отырыс барысында «Повышение квалификации педагогов в условиях цифровой трансформации образования» тақырыбында «Өрлеу»-Жамбыл облысы бойынша филиал директоры Н.В.Цой, «Цифровизация образовательного процесса в организациях образования» тақырыбында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «Білім беруді цифрландыру» зертханасының қызметкері Шаниев Е.Б., «Оқу процесіндегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында Білім беруді жаңғырту орталығы басшысының орынбасары Байтасов Д.Д., «Индивидуализация обучения по цифровой компетентности: образовательная он-лайн платформа» тақырыбында «Okoo Ltd» компаниясының директоры Джунусов Д.С., «Педагогтердің цифрлық құзіреттілігін арттыру жолдары» тақырыбында «Өрлеу»-Нұр-Сұлтан филиалының кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к. Иманғалиев Б.С. мазмұнды баяндамалар ұсынды.

Семинар жұмысы келесі бағыттар бойынша «Білім алушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін сандық құралдарды пайдалану», «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларға Steam – және STEAM-білім беруді ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбымен жалғасқан сессиялар жұмыстарында спикерлер цифрлық құралдарды қолдану, цифрлық білім беру ортасын құру, TinkerCad және Blender бағдарламаларында 5-6 сыныптарда 3D модельдеуді оқыту, оқушыларды робототехника бойынша конкурстарға дайындау, ЅТЕАМ–білім беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және т. б. тәжірибелерімен бөлісті.

Мазмұнды да кәсіби жоғары деңгейде өткен семинар барысында белсенділік танытып, кері байланысқа шығып, үн қосқан қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, шараның тәжірибе алмасу ортасы екенін білдірді. Сондай-ақ пікірлер алаңына келіп түскен педагогтердің ризашылық лебіздерінен спикерлердің ұсынған баяндамалары қатысушылар көңілінен шығып, қызығушылықтарын арттырды.

Семинар соңында жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

 О. Бегалина, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының бас маманы

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0