С. Шушкевич: Демократия белгілері байқала қалса, жолын кеседі

С. Шушкевич: Демократия белгілері байқала қалса, жолын кеседі

9-желтоқсан. Turaninform. Беларусьтің көрнекті саяси қайраткері С. Шушкевич, А. Лукашенко билігі қоғамды қорқыныш пен үрейде ұстап, демократия белгілері байқала қалса, жолын дереу кесуде деген пікір білдірді. Оның ойынша, жұрт кеңестік саяси қасаң қағида шеңберінде тіршілік кешуде.

– Лукашенко Беловеж келісімі арқылы жеткен Тәуелсіздік ұстанымдарының барлығын тәрк етті. Путин не қаласа, соны істейді. Беларусь іс жүзінде Ресейдің бір бөлігіне айналды. Соның қаржылық көмегінсіз Лукашенко табан тіреп тұра алмас еді, – дейді ол.

С. Шушкевич – Беловеж келісіміне қол қою арқылы КСРО-ның бейбіт түрде құлауына үлес қосқан тұлға. Сол уақытта ол Беларусь Жоғарғы кеңесінің Төрағасы қызметінде болған.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0