22-желтоқсан. Turaninform. Әлем бойынша фрилансерлер үшін ең ыңғайлы мемлекеттер қатарын Сингапур бастап тұр. Бұл елде фрилансерлерді іздеушілер көбірек. Әрі коворкингпен қамтамасыз етілуі де, басқа елдерден жоғарылау: 100 мың адамға шаққанда, 2,32. Кеңжолақты интернет жылдамдығы да жоғары. Мәселен, шілде айында 256,03 М/сек көрсеткен. Десек те, бұл жерде интернет жылдамдығы басты өлшем емес.
Екінші және үшінші орындарда, тиісінше, Жаңа Зеландия және Испания орналасқан. Фрилансерлер үшін тиімсіз мемлекеттер қатарына Жапония, Қытай, Ресей т.б. елдер кірген.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР