Бір апта бұрын Ресей Украинаға басып кірді

Бір апта бұрын Ресей Украинаға басып кірді

Осыдан бір апта бұрын Ресей Украинаға басып кірді. АҚШ билігінің Украина еліне соғыс ашуы мүмкін деген сөздері рас болып шықты.
Ал, Д/ЛХР-ді Ресей мемлекет ретінде мойындағанда, Украинамен соғыс болатыны анықталып қалған еді. Бұл туралы жаздық.
Әркім әртүрлі ақпарат таратуда: Ресей билігі бір тәулікке жетпей басып алуды жоспарлаған немесе 15 күн ішінде деген секілді. Бірақ, украин халқы үлкен ерлік көрсетуде. Тәуелсіздік, демократия жолында. Әлемнің үштігіне кіретін армиясы бар елді әбден састыруда. Тіпті Ресейдің шығыны күн өткен сайын артып келеді. Содан да болар бейбіт нысандарды атқылауды жиілетті.
Ресейдің Украинаны басып алғысы келген әрекеті Батыс тарапынан ауыр санкцияларға ұшыратты. Тек олар ғана емес, әлемнің басқа да елдері санкцияға қосылуда. Қазір Ресей халықаралық оқшауға түсіп барады.

Сонымен осы күндері қандай оқиғалар болды? Қысқарта тіздік.

РЕСЕЙ-УКРАИНА соғысы. ОҚИҒАЛАР

24-28.02, 1-3.03

■ Украина 137 әскерінен, соның ішінде 10 офицерінен айрылған. Ресейдің 8 жүздей әскері өлген. Сонымен қатар, Ресейдің 7 ұшағы, сол сандағы тікұшағы, 30дан аса танкі, 130дың үстінде бронемашинасы талқандалған. Украина Киев әуежайын қайтарып алған. Дегенмен астанасы үлкен қысымда тұрғасын, көпірді әдейі жарыпты. Тіпті кей көпқабатты үйлерге дейін ресейлік зымыран тиген.
Өкінішке қарай, Қара теңіздегі Змеиный аралы қарсы жақтың бақылауына өткен, ал, сондағы украин әскерлері жанкештілікпен қаза тапқан.
Франция Украинаға әскери техника жіберетінін жариялады.
■ АҚШ және ЕО санкциясы алапат. Мәселен, АҚШ $1 трлн. активі бар ресейлік банктерді оқшаулады. Мұның ішінде ірілері –  Сбербанк, ВТБ. ЕО да ресейлік қаржы секторына, мемлекеттік компанияларға санкция салды.

■ Украина Ресей ұсынған Минск алаңын қабылдамай тастады. Польша астанасы Варшава дұрыс деген.
■ В. Зеленский Ресейге қарата тағы үндеді. Босқа қырылмаңдар дегенге саяды. Ресейде жүздеген медқызметкерлер наразылық білдірген.
■ АҚШ Украинаға $600 млн бөлді. Тағы миллиардтар күтіп тұр.
■ НАТО Украина Альянсқа мүше болуды өзі шешетінін тағы айтты. Әрі әскери қолдау жалғасатынын ашық білдірді. Мұның ішінде зымыранға қарсы қорғаныс техникасы да бар. Польша, Эстония да қару-жарақпен қамтамасыз етуде.
■ Ресейге әуе кеңістігін жапқан елдердің қатарына Болгария, Эстония да қосылды.
■ Еуропа елдері мыңдаған украиналық босқындарды қабылдауда. БҰҰ 100 мыңның үстіне шыққанын хабарлады.
■ Ұлыбритания Парламенті Ресей президенті бай тұратынын, сондықтан шығынды өзінен өндіріп алуды қозғады. Премьер-министрі Б. Джонсон қолдады.
■ Ресей СІМ-і Финляндия НАТО-ға кірсе, арты жақсылық болмайды деген емеурін білдірді.
■ Украинаға басып кірген Ресей әскері 3,5 мыңнан аса әскерінен айрылыпты. Әскери техника бойынша да сұмдық күйреген: 536 бронемашина, 102 танк, 15 зеңбірек, 14 ұшақ, 8 тікұшақ, 1 БУК ЗЗК .
■ Ресей президентінің сөзінше, Украинадан әскерін кері қайтару үшін украин билігі Қырымды, Л/ДХР-ды (тиісті облыстар аумағында) мойындауы қажет.
■ Еуроодақ үшінші пакет санкцияға дайындалуда. SWIFT-тен Ресейді үзуі мүмкін.
■ Ресей Еуропа Кеңесі Министрлер комитетінен шығарылды.

■ Украинаға басып кірген Ресей 4 300 әскерінен айрылған. Әскери техника бойынша да шығындары артуда: 706 бронемашина, 146 танкі, 49 зеңбірек, 27 ұшақ, 26 тікұшақ, 60 цистерна,​ 4 Град және т.б.
■ В. Зеленскийдің сөзінше, Украина Ресейдің үстіне БҰҰ-ның Халықаралық сотына (Гаага) шағым түсірген.
■ Украина-Ресей кездесуі басталды. Мұның алдында украиналық тарап 1 см жерін де беруге келіспейтінін жария етті.
■ Беларусь жерінен Украинаның Житомир қаласындағы әуежайға зымыран атқан. Украинаның 2 кемесі Ресей агрессорларында.
■ АҚШ, Канада, ЕО, Ұлыбритания SWIFT жүйесінен ресейлік банктерді ажыратуға келісті. Бірақ, бүкіл банкі емес. Mastercard санкциядағы ресейлік банктермен байланысын үзетінін мәлімдеді.
Тіпті қаржылық ауыр соққы – Ресейдің алтын-валюта қоры бұғатталмақ. Қоры $640 миллиардтай… Бұғаттау кәсіпкерлерден бастап, қарапайым ресейліктерге дейін әсер етеді. Ресей банкоматтарында таңғы бестен кезек делінген.
Осылайша, Ресей экономикасын өз президенті “бомбалауда”…
■ Ресей Украинаға қарсы Женева конвенциясымен тыйым салынған қаруларды қолдануға көшкен. Мұның ішінде “Лепесток” минасы да бар. Сонымен қатар, тұрғын үйлерді, балабақша, аурухана т.б. әскери емес нысандарды атқылауы жиілеген. Салдарынан ересектерден бөлек, 16 бала қаза тапқан.
■ Ресейдің аш әскері азық-түлік дүкендерін тонауға көшкен.
■ Еуроодақ әуе кеңістігі ендігі Ресей үшін жабық.
■ Швеция премьер-министрі М. Андерссон  Украинаға танкке қарсы 5 000 Pansarskott гранатомет, 86 500 бронижелет, 135 000 құрғақ ас, 5 000 шлем жіберілетінін жария етті. Мұның алдында Бельгия 2 000 зеңбірек, мыңдаған тонна жанармай, Германия танкке қарсы 1000 қару мен 500 “Жер-Әуе” класындағы “Stinger”, ал, Нидерланды қару-жарақпен, шлеммен қолдайтынын хабарлаған болатын. Грекия да қару-жарақпен көмектесуге кіріскен.
■ И. Маск Starlink- Жер серігі интернетімен Украинаны қамтамасыз етуге келісті.
■ Италия үкіметі Украинаға €110 млн бөлетінін жариялады.
■ Әлемнің чип өндірушілері Ресей нарығын жапты. Шартты түрде алсақ, ендігі Ресей автокөліктері сонау КСРО кезіндегі не 90жж. “Жигули”, “Волга” деңгейіне түсетінін білдіреді.
■ Ресей миллиардері М. Фридман соғысқа қарсылық білдірді. Ірі бизнесмендер арасындағы билікке қарсы алғашқы сөз.
■ Ресей диктаторы ядролық қаруға жауапты сала жоғары әскери күйде болуын тапсырды.
■ Киевте ресейлік диверсант тұрғын үй кешенін жару арқылы теракт жасауға ұмтылған. Украиндықтар іске асыртпай тастады.

Украина халқының 88%-і Ресей өзі ашқан соғыстан жеңіледі деп сенеді екен. Жоғары көрсеткіш. Демек, украиндықтардың рухы тасып тұр.
■ АҚШ президенті Джо Байден өз елінің әуе кеңістігі ресейлік тарапқа жабылатынын жариялады.
■ Австрия Украинаға бронижелет, шлем т.б. көмек жіберетін болды.
■ Канада визасыз украиндықтарды қабылдайды. Бұл ел Ресейге жедел түрде  санкциялар салған елдердің бірі.
■ Ресей Украинаға соғыс ашқаннан бері 5840 әскерін жоғалтқан (өлі, жаралы). Әскери техникалық шығындары да өсіп барады: 862 бронемашина, 355 автокөлік, 211 танк, 85 артиллерия, 31 тікұшақ, 30 ұшақ, 9 ӘШҚҚ т.б.
Дегенмен Ресейдің азаматтық нысандарды атқылауы жалғасуда. Киев, Харьков, Херсон т.б. қалаларды бомбалады, снарядтар тастады, зымыран атты.​ Ондаған бейбіт украиндықтар қаза тапты.
■ Ұлыбритания Украинаға £220 млн болатын гуманитарлық көмек жібереді.
■ Бүкіләлемдік банк пен ХВҚ Украинаға $4,5 миллиардтай көмек береді.
■ “Apple” соңынан “Nike” те Ресейге онлайн-сатылымды жапты.
■ “Warner brothers” қана емес, “Universal pictures” кинокомпниясы да Ресейге туындыларын көрсетпейтін болды. Енді ресейліктер сонау 2-дүниежүзілік соғыс кезіндегі киноларды көріп, гитлерлік Германия мен қазіргі Ресей диктатурасын асықпай салыстыруына мүмкіндік туды.

■ Ресейді айыптап, әскерін Украинадан әкету туралы Қарар қабылдады. Қарарды 141 мемлекет қолдаған. 35 ел қалыс қалыпты. Соның ішінде Қазақстан да бар. Ал, 5 мемлекет қарсы дауыс берген: артта қалған Эритрея, Сирия секілді елдер.

■ Халықаралық қылмыстық сот (Гаага) прокуроры Ресейдің Украинадағы соғысында адамзатқа қарсы жауыздық, геноцид болуы мүмкін деп тергеу басталғанын жариялады.

■ Канада Украинаға 4, 5 мыңдай танкке қарсы M72 гранатомет, 7500 граната беруді көздеп отыр.

■ IKEA, Volkswagen де Ресеймен байланысын үзді.

 Қ. Нұрғали

 Иллюстрацияланған фото

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0