14-қыркүйек. Turaninform. Қытай басшысы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Оның пандемиядан бергі алғашқы шетелдік ресми сапары. Көрші мемлекеттің басшысын Қазақстан президенті Қ. Тоқаев күтіп алды.
Екі тараптың кездесуі барысында Си Цзиньпин елімізге қатысты “мәңгілік әріптестік” сөздерін қолдана сөйледі. Ал, Қ. Тоқаев бұл келісін тарихи маңызы бар деп санады. Өз кезегінде ҚР Президенті Қытай басшысын “Алтын Қыран” орденімен марапаттады.
Қазақстан экономикасында Қытайдың орны әжептәуір. Миллиардтаған инвестициясын былай қойғанда, қазақстандық импортта екінші орында тұрған ел.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР