2022 жылы 21-22 қазанда елордада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы балалар жылы» атты XIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде. Конференцияның ауқымды күн тәртібі «НЗМ» ДББҰ Басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинованың «Өзгермелі әлем үшін балалардың тұтас дамуы» атты бас баяндамасында нақты көрсетілді. Ғылыми конференцияға 1500-ден астам әлемдік білім беру саласының ең танымал өкілдері және қазақстандық мұғалімдер мен ғалымдар қатысуда.
Конференция аясында «Ауылдық мектептер powered by NIS» серіктестік бағдарламасы аясында «Ауылдық жерлердегі 17 тірек мектептің әлеуетін дамыту» ауқымды жобасының аралық нәтижелері таныстырылды. Бағдарлама сапалы білім беруді қамтамасыз етугежәне қала мен ауылдық елдімекендердегі білім беру жүйесінің алшақтығын азайтуға бағытталған.
Білім беруді тұрақты дамыту қоры жүргізетін және AITAS холдингі мен «Қазақстан Халқына» қоры қолдау білдірген «Ауылдық мектептер powered by NIS» жобасы Қазақстанның 17 облысы бойынша 22 мектепті қамтиды. Онда 17 000-дай оқушы біліп алып, 2000 шамасында мұғалім еңбек етеді. Алғашқы бес мектепке AITAS холдингінің негізін қалаушы, Білім беруді тұрақты дамыту қорының құрылтайшысы Серік Толықпаев 1 млрдтеңге бөлген болатын.
Серік Толықпаев: «Біздің мақсатымыз – адами капиталды дамыту. Сондықтанауылдық жерлерге ең жақсы шешімдердіді жеткізу, соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және өмір сапасын жақсарту саласындағы жобаларды біріктіру және ынтымақтасу алаңы ретінде қор жұмысын ұйымдастырдық.
Дэвид Марш: Финляндияның Ювяскюль университетінің EduCluster Finland инновациялар және сыртқы байланыстар жөніндегі директоры, PhD доктор:«Бұрын біз, яғни мұғалімдер «Алдымен саған білім беремін, уақыт қалса дағды қалыптастыруға көмектесемін, содан кейін барып мінез-құлқыңа, іс-әрекетіне мән беремін» деуші едік. Бұл – тек түсіндіріп, айтып беруге бағытталған ескі тәсіл. Қазір жағдай өзгерді. Алдымен оқушының не істейтініне назар аударып, артынша қандай да бір дағды қалыптастыруға үлес қосамыз, тек осыдан соң ғана білім береміз. Мұғалім тек ақпаратқа қана емес, құндылықтарға және баланың сабаққа деген қарым-қатынасына да бей-жай қарамауға тиіс».
Астана форумының күн тәртібінде ақпараттық қоғамдағы функционалдық сауаттылық, жас мұғалімнің кәсіби дамуы, формативті бағалаудағы инновациялар, тату мектеп ортасын құру, инклюзивті және дербестендірілген оқыту, цифрлық оқытушының миссиясы мен білім беру процесіне жасанды интеллектті енгізу сияқты жаһандық педагогикадағы сұранысқа ие тақырыптар қамтылуда.
Данияр Тоқтарбаев, Білім беруді тұрақты дамыту қоры директоры: «Бастысы, осы «Ауылдық мектептер powered by NIS» жобасы аясында озық педагогикалық технологияларды қабылдап, сол арқылы білім сапасын арттыруға мән беріп отырмыз. 2000 мыңнан аса мұғалім тұрақты түрде білімін жетілдіріп, біліктілігін әрі қарай оқу процесі барыснда тиімді пайдаланып жүр. Тіпті оқушыларымыздың сабаққа деген ынтасының әлдеқайда өскенін сеніммен айта аламыз. Еңбектің жемісі деген осы деп ойлаймын».
Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы: «Балаларды оқу процесіне тартуға, оларды қызықтыруға, баурап алуға мүмкіндік беретін теориядан практикаға, эмпирикалық тәжірибеге баса назар аударатын сабақтар мен жаңа форматты біз үнемі қолдаймыз. Білім беру барысын шынымен тиімді ету – бұл AITAS холдингімен және Білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлескен жұмысымыздың тамаша нәтижесі».
Форумда маңызды оқиғалардың бірі сұранысқа ие қалалардың, ауылдардың және мектептердің қауіпсіз және жайлы ортасын құруға бағытталған арнайы секциялар болды.
НЗМ ұйымдастыратын мұндай конференциялар он жыл ішінде әлемдік білім берудің жаһандық трендтері бойынша стратегиялық шешімдерді талдайтын және қабылдайтын ең беделді халықаралық алаңдардың біріне айналды.
Димаш Зиядин, AITAS холдингінің PR-директоры
ПІКІРЛЕР