Былтыр осы күні Украинаға Ресей тұтқиылдан шабуыл жасап, ашық соғыс бастады. Содан бері екі жақ қандай шығынға ұшырады? Не өзгерді?..
● 13 миллиондай украиндықтар босып кетті. Бұл ел халқының шамамен үштен бірі.
● Украина экономикасы соғыс кесірінен 35%-ға азайды. Сөз жоқ, үлкен шығын. Ал, Украинаны қайта қалпына келтіру үшін жүздеген миллиард АҚШ доллары қажет делінеді.
● Ресей бір жылда 146 820 әскерін жоғалтты. 299 ұшақ пен 287 тікұшағынан айрылды. Шартты түрде алсақ, күніне 9-10 танк, 18-19 әскери бронемашина, 14-15 жүк көлігі құрып жатыр. Украиндықтар бұдан бөлек, 2033 дронын атып түсірген. Басқа да әскери шығындары артуда. Ресей мұндай шығынды Екінші дүниежүзілік соғыстан бері көрмеген.
● Ресей әлемдегі ең көп санкция салынған ел болып шыға келді. Соғысты қолдаған империяшыл, шовинизм пиғылды жұртынан өзге мемлекеттердегі өркениетті адамдар теріс айналды. Дамыған елдер өзінен кейін серпіді.
● Ресей экономикасы 2,8%-ға ғана азайды делінгенімен, ішіне үңілсек, құрылымдық жағынан түрлі деңгейде шығыны артуда. Инвестициялық климат бұзылды. Ел дамуында иинвестицияның орны зор. Ресей Орталық банкі былтырғы капитал ағыны $251 миллиардқа жететінін мәлімдеді. Бұл соған дейінгі антирекордтан (2014ж., $151,5 млрд. ) 1,7 еседей үлкен.
Энергоресурстан былтыр жақсы пайда түсіп, валюта балансын оң етіп, федералды бюджетін толықтырып келсе, ендігі жағдай басқа ауан алып барады. Мысалы, өткен айдағы бюджетінде $25 млрд. көлемінде тапшылық болған.
● Әскери экономикаға ауысуы – Ресей елін тіпті қыса түседі. Әрине, осы уақыт аралығында Ресейге салынған санкция толық жүзеге аспады. Себебі, кей елдер арқылы айналып өтуде…
● БҰҰ Бас Ассамблеясында Жапония өкілі өткір пікір білдірді. Келер ақпанда әлем соғыстың екі жылдығында емес, бейбітшілікте бас қосуына үндеді.
Құрманғали Нұрғали
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР