19-қараша. Turaninform. Кремльдің Украинаға агрессиялық, империялық соғыс ашқанына 1000 күн толды. Осы уақыт аралығында екі жақ та зор шығынға ұшырады. Киевтің ресми ақпаратына сүйенсек, ресейліктер:
● 724 050 әскерінен;
● 369 ұшақ пен 329 тікұшағынан;
● 9382 танкісінен;
● Отызға тарта кемесінен;
● 20 мыңға жуық әскери бронемашинасынан;
● 20632 артиллериясынан;
● 19111 ұшқышсыз ұшатын аппараттарынан және т.б. айрылған.
Украина шығыны да сұмдық. Әлем бойынша босқындары көп елге айналды. Қаза тапқан бейбіт тұрғындары қаншама… Шамамен әрбір оныншы әскер майданнан қашқан не әскери бөлімді тастап кеткен. Империяшыл ресейліктер қалалар мен ауылдарды талқандады және түрлі инфрақұрылымды қиратты, бұзды.
Енді келесі жылы соғыс мәселесі шешілсе керек…
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР