6-ақпан. Turaninform. Швейцариядағы кәсіпорындар мен компаниялар қызметкерлерінің 91%-ы өздері үшін, қазіргі де, алдағы да жұмыста, психикалық күйінің бұзылмауы, жан саулығының сақталуы басты орында деп санаған. Нидерландының Randstad рекрутинг компаниясының тапсырысы бойынша жасалған сауалнама қорытындысы осындай. Лайықты да жақсы жалақыны маңыздырақ дейтіндердің де қарасы қалың, яғни 89% екен.
Сонымен қатар, олар жеке өміріне де баса мән беретінін байқатқан. Мысалы, осы сауалнамаға қатысқандардың 58%-ы жұмыс пен жеке өмірінің тепе-теңдігін сақтау мүмкін болмаса, қызметтен кетуді таңдайтынын айтқан.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР