15-тамыз. Turaninform. Жапония премьер-министрі С. Такаити, Итуруп, Кунашир, Шикотан және Хабомаи аралдарын өз еліне тиесілі екенін тағы мәлімдеді. Оқиғаны ушықтырған Ресей президентінің даулы Курил аралдарына сапар шегуі еді. Жапон үкіметінің басшысы, тарихи тұрғыдан да, халықаралық құқық жағынан да, аталған территория Жапонияның ажырамас солтүстік бөлігі екенін атап өтті. АҚШ болса, аталған аралдарға Жапония иелік етеді деген саясатты ұстанатынын жариялады.
Ірілі-ұсақты аралдарды КСРО 1945ж. Жапониядан тартып алған. Кейін әскери базасын орналастырды. КСРО басып алғанға дейін Жапония армиясының базасы тұрған еді.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР