26-қараша. Turaninform. J-16 жойғыш ұшағынан атылған зымыран шамамен 483 шақырым қашықтыққа дейінгі жердегі нысанды жоюға қауқарлы екен. «Әуе-әуе» сатысына жататын зымыранның ұзындығы – 5,8 м болса, диаметрі – 33 см. Жаңа зымыранда Жер серігі навигациясының жаңаланған жүйесі бар көрінеді. Зымыран көзделінген нысанаға жақындағанда, жанындағы қозғалтқыштары оның түрлі ыңғаймен ұшуын да арттыра түседі екен. Мұндай қашықтыққа ұшатын «Әуе-әуе» зымыраны әзірге АҚШ-та да, НАТО-ға мүше басқа елдерде жоқ делінеді.
Биылғы көктемде Қытай DF-41 атты 14,5 мың км қашықтыққа дейін ұшатын континентаралық зымыранды сынақтан өткізгені туралы АҚШ тарапы хабарлаған еді. Экономикалық қана емес, әскери де қуатты елге айналған Қытайдай көршісі бар Қазақ елінің келешек өз ұрпақтары алдындағы геосаяси да, тарихи да жауапкершілігі тіптен әжептәуір…
ПІКІРЛЕР