ЕуроОдаққа кіргісі келетін украиндықтардың саны – 60,7%

ЕуроОдаққа кіргісі келетін украиндықтардың саны – 60,7%

 18-желтоқсан. Turaninform. Егер, жақын уақытта ЕуроОдаққа енуге қатысты референдум өте қалса, украиндықтардың 60,7%­-ы мұндай ойды қолдауы мүмкін… Қарсылар да аз емес: 23,8%. Бұл туралы 24-­қараша мен 2-­желтоқсан аралығында әлеуметтік сауалнама жүргізген “Социс” және “Рейтинг” орталығына сілтеме жасап, «Сегодня.уа» хабарлады. НАТО-­ға мүше болғысы келетіндер аздау екен. 47,2 пайыз.

Осыдан үш жылдай бұрын Украинада “Еуромайдан” басталғаны белгілі. Наразылық түбірі – Ресейден іргені аулақ салып, ЕуроОдаққа бет түзеу делінді. Дегенмен Батыс пен Ресейдің геосаяси тартысына түсіп қалған Украинада қоғамдық қайшылық әлі де қиын деңгейде. Еуропалық одақ ішінде Украинаның мүше болуын қаламайтын ел де жоқ емес. Ресей онсыз да кедергі етуде…

Бірақ, бастысы, украин халқының басым бөлігі ертеңге деген үлкен сенімде. Қанша қиындықтарды бастарынан өткізіп жатса да үміті өшпеген. Мысалы, халқының 56%-ы қазіргі қиындықтарды жеңіп, күрделі мәселелерді шешіп, бай да гүлденген іргелі елге айналамыз деген сенімде екен.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0