26-бапты өзгертпеуге қатысты…

26-бапты өзгертпеуге қатысты…

2-наурыз. Turaninform. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік билік тармақтарының өкілеттіктерін өзара қайта бөлуге қатысты құрылған жұмыс тобының отырысына қатысты. Бұл туралы akorda.kz сайтында хабарланған. Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес, Конституцияға өзгерістер референдум арқылы емес, «Парламентте талқылау арқылы» енгізілмек. Азаматтардан Ата заңның «63 бабына қатысты 6 мыңнан астам ұсыныс» түскен.

26-бап. Бұл қоғамда қызу талқыға түскен, өзгертуге қарсылардың қарасын халықтық талқылаудың соңғы күндеріне дейін көбейткен бірден­бір бап болды. «Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарының пікірін ескеріп, 26-бапқа өзгеріс енгізбеуді ұсынды, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру және оның негізгі ережелерін түсіндіру шараларын одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті» (akorda.kz).

 Фото akorda.kz-тен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0