6-наурыз. Turaninform. Еуропада «адасып» жүрген авторитарлы, тоталитарлы саяси жүйесі бар Беларусь елінде соңғы апталарда сең бұзылып келе жатқандай. Наразылық артуда. Тыныштықты бұзған А. Лукашенко билігінің шығарған заңы: «Әлеуметтік иек артушылық туралы». Халық арасында «Арамтамақ туралы» деп аталып кеткен. Заңға сәйкес, Беларусь азаматы, азаматтығы жоқтар және онда тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мемлекеттік қазынаға (мемлекеттік шығын) салық түсірмесе немесе 183 күнтізбелік күнге жетпейтін уақытта (жарты жыл) 20 базалық көлемде ғана (бір базалық көлем $12) ақша аударса, тиісінше, жауапкершілікке тартылады.
Рұқсат етілмеген митингке шығушылар сол заңның күшін жоюды талап етуде. Наразылық бұған дейін Минск, Гомель, Витебск т.б. қалаларда өтті. Енді Брест қаласында жалғасыпты…
Фото segodnya.ua-дан алынды
ПІКІРЛЕР