Халық пен биліктің өзара сенімі қымбат тұрады…

Халық пен биліктің өзара сенімі қымбат тұрады…

Өткен ғасырдың 90-жылдарының аяғында «Азия дағдарысы» болғаны белгілі. Оңтүстік Корея да сол дағдарысқа ұшырады. Сол кезде алтын­-валюта қоры да түгесіле қалыпты. Енді не істейді? Содан Оңтүстік Корея билігі ХВҚ (Халықаралық валюта қоры)­-дан 58 миллиард АҚШ доллары көлемінде кредит алуға мәжбүр болады. Сонымен қатар үкіметі халқынан: елге көмектесу үшін қолдарындағы алтындарын өткізуді сұраған. Халқы болса, ағылып келіп үкіметке өткізген екен. Тіпті тегін берген делінеді. Осылайша, 226 тонна алтын жиналыпты! Оңтүстік Корея дағдарыстан жедел әрі жәй ғана шығып қоймай, 1999-жылды шамамен 10%-дық экономикалық өсіммен аяқтап, ал, ХВҚ-­дан алған кредит – 58 миллиард АҚШ долларын мерзімінен үш жылдай бұрын қайтарады! Бұл – халық пен биліктің арасындағы өзара берік сенімнің, отансүйгіштік қуаттың қандай болатынына бір дәлел болса керек.

Сөйткен ел, былтыр әлем бойынша орташа жалақыдан бесінші орында болды! Азия емес! Жер жүзі елдері бойынша! Демек, экономикалық дағдарыстың қай түрін болсын, халық пен биліктің арасында өзара сенім, қоғамда тазалық болса, біріксе, жеңе алады…

 Сонымен қатар, халық пен биліктің өзара сенімі қымбат тұрады. Біздің елдегідей онмиллиондаған, жүзмиллиондаған, миллиардтаған ақшаны жеп, біреуі ұсталып, екінші бірі қашып кетсе, басқасы күмәнді жағдайда сытылып шықса, мемлекетті басқаруда тікелей жауапты шенеуніктердің арасында жаға ұстатар басқа да оқиға көбейсе, адам құқықтары тапталып жатса, күштінің әлсізге тізе батыруы жиілесе, халықтың сенімі жоғары болады деп ешкім айта алмаса керек. Бұл өз кезегінде халық сенімін төмендетеді. Бірақ, халық пен биліктің өзара сенімінің төмендеуі тұтастай ел үшін жақсы емес екені анық…

 Құрманғали Нұрғалиев, журналист

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0