27-наурыз. Turaninform. Ресейдің бірнеше қалаларында кеше жемқорлыққа қарсы наразылық шеруіне қатысты мәліметтер әлі де әртүрлі болып тұр. Ресми мен бейресми мәліметтің арасы, «әдеттегідей» тым алшақ. Митингке қатысқандардың саны Петербург пен Мәскеу қалаларында көп болған. Ресми мәліметте Мәскеуде 8 000 адам митингке шыққан делінсе, кей ақпарат құралдарында 20 мың бірде 25-30 мың делінген. Петербургте өткен митингке, ресми мәліметте, 5-10 мың адам қатысқан.
Ресей бойынша митингке қатысып, ұсталғандардың саны 1500-ден асады. Ең көп ұсталған тағы да Мәскеу қаласына тиесілі: 1200-дің үстінде екен!
Наразылықты күштеп таратты. Ұрды. Соқты. Қуды. Күштеді. Қамады. Әдеттегі, авторитаризмге, тоталитаризмге тән әдістер ғой.
Митинг бейбіт жағдайда, радикалды әрекеттерсіз жүргенін, қарапайым азаматтық көзқарастарын білдіріп, адами құқықтарын көрсетуге тырысқанын бейнетүсірілімдерден байқауға болады. Мақсаты болса, жемқорлыққа қарсылық. Сонда ресейлік билік жемқорлыққа қарсыларды қолдамаса, кімді қолдайды?..
Қалай дегенмен мұндай ауқымдағы наразылық Ресей қоғамының оянғанын, өзгеру үстінде екенін байқатады.
Фото BBC.com-нан алынды
ПІКІРЛЕР