Қасиетті Құран және хадисте Рамазан айына қатысты не делінген?..

Қасиетті Құран және хадисте Рамазан айына қатысты не делінген?..

Қадірлі мұсылман бауырлар, Рамазан айы құтты болсын! Рамазанға аман-­есен жеткізген бүкіл әлемнің Раббысы АЛЛА Тағалаға шүкір және ақиқатында, барлық мақтаулар Оған ғана жарасады!

Бұл айда Қасиетті Құран түскен. Мұсылманның бес парызының бірі – ораза бар. Бұл туралы қасиетті Құранда былай делінген: «Рамазан – адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілген ай. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал, кім науқас, яки сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Аллаһ тағала сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаһқа шүкіршілік етулерің үшін санын толықтырыңдар. Әрі Аллаһты ұлықтаңдар» (Бақара сүресі, 183-185 аяттар).

Сонымен қатар, рамазан айында қасиет пен құты, қуанышы көп, ғажайып Қадір түні бар. «Қадір түні мың айдан да қайырлы» («Қадір» сүресінен).

Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл қасиетті де құт-қуанышқа толы айға қатысты хадисінде былай депті: Рамазан келгенде сегіз жаннаттың есігі ашылып, жеті тозақтың есігі жабылады, шайтандар кісенделеді (хадисті имам Муслим риуаят еткен). Егер үмметім Рамазан айындағы Аллаһ Тағала тарапынан жіберілетін нығметтердің қандай екенін білсе, онда ол жыл он екі ай бойы Рамазан айы болуын тілер еді («Нұр» №16, 16-31-тамыз 2008ж., 1-бет) дегені де бар екен…

Жаратушымыз АЛЛА Тағала рамазандағы жақсылықтарға жетуді, игіліктеріне кенелуді нəсіп ете көрсін! Оразамыз қабыл болсын!

 Фото old.muftyat.kz-тен алынды 

 Құрманғали Қалмахан

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0