Ресейдегі наразылық ондаған қаланы қамтыған…

Ресейдегі наразылық ондаған қаланы қамтыған…

13-маусым. Turaninform. Әдетте, 12-маусымда Ресей күні ғана аталып өтеді. Бірақ, бұл жолы ресейлік оппозиция өкілі Алексей Навальный жемқорлыққа қарсы наразылық митингісін де ұйымдастыратынын интернет арқылы хабарлап, жұртты соған шақырған болатын.

Дегенмен жемқорлыққа қарсы наразылық акциясына жеткізбей, Алексей Навальныйды құқық қорғау органы қызметкерлері ұстап әкетті. Соған қарамастан наразылық акциясы бәрібір болды. Мәскеу, Санкт­-Петербург, Омбы, Барнауыл, Томск, Владивосток, Қазан, Новосібір, Ұлан Удэ, Норильск, Красноярск т.б. қалаларды қамтыған наразылық шеруіне ресейлік билік тағы да күш көрсетті. Кей мәліметтерде Мәскеуде – 600, Санкт-Петербургте – 300 шеруші ұсталыпты.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0